Қазақстандық теннисшілердің Мадрид турниріндегі қарсыластары белгілі болды
29 сәуір – 8 мамыр аралығында өтетін айтулы додада дүниежүзілік рейтингте үздік үштікке енетін аустралиялық Эшли Барти, жапониялық Наоми Осака, румыниялық Симона Халеп бастаған теннисшілер бақ сынайды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова әлемнің 25-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен ойнайды. Рейтингте 30-сатыда тұрған Юлия Путинцеваның қарсыласы да осал емес. Ол әлемнің 18-ракеткасы, ұлыбританиялық Йоханна Контамен шеберлік байқасады. Бұлардың қатарына Зарина Диястың қосыла алмады Ол бүгін іріктеу сайыстарының финалында украиналық Катерина Козловаға есе жіберді - 4:6, 4:6.
-->29 сәуір – 8 мамыр аралығында өтетін айтулы додада дүниежүзілік рейтингте үздік үштікке енетін аустралиялық Эшли Барти, жапониялық Наоми Осака, румыниялық Симона Халеп бастаған теннисшілер бақ сынайды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова әлемнің 25-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен ойнайды. Рейтингте 30-сатыда тұрған Юлия Путинцеваның қарсыласы да осал емес. Ол әлемнің 18-ракеткасы, ұлыбританиялық Йоханна Контамен шеберлік байқасады. Бұлардың қатарына Зарина Диястың қосыла алмады Ол бүгін іріктеу сайыстарының финалында украиналық Катерина Козловаға есе жіберді - 4:6, 4:6.