Елордалық волонтерлер карантин кезінде қандай жұмыс атқарып жүр
Бүгінгі күні волонтерлер дәрігерлермен және полицейлермен қатар ел азаматтарына барынша қолдау көрсетіп жүр. Карантин кезінде волонтерлік қызмет қалай іске асады, еріктілер қандай қиындықтармен кездеседі және бұл істе «рақмет» сөзі неліктен маңызды рөл атқарады? Осы және тағы басқа мәселелер жөнінде Елорда Инфо тілшісіне елордалық волонтерлер штабының төрағасы Шыңғыс Тілеулин әңгімелеп берді.
Волонтерлер штабы Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық волонтерлік ұйымның басын қосқан. Оның мақсаты – елордада осы бағытты жүзеге асыру әрі дамыту. Бүгінде штаб Волонтерлер жылын өткізу жөніндегі тұжырымдамада көрсетілген жеті бағыт аясында акцияларды іске асырады.
«Бүгін біз халықтың барлық әлеуметтік осал тобына көмек көрсетеміз. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 9 мыңнан астам азық-түлік себетін тараттық. Біз күніне 200-ден 500 данаға дейін азық-түлік себеті мен гигиеналық заттарды таратамыз. Бұған қоса біз банк бөлімшелері, Қазпошта филиалдары мен басқа орындарда медициналық маскалар таратумен айналысамыз. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек көрсетеміз. Негізінен қариялар 109 қызметі арқылы бізге хабарласып, волонтерлеріміздің дәрі-дәрмек немесе азық-түлік әкеп беруін өтінеді», - дейді Тілеулин.
Оның айтуынша, волонтерлер құқық қорғау органдарына азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де белсенді түрде көмектеседі.
«Біз полиция департаментімен әріптестік орнатқанбыз. Дәлірек айтсақ, олармен бірге ашық ойын-сауық орындарын анықтау бойынша рейдтерге қатысамыз. Біз полициямен жеті бағыт бойынша жұмыс істейміз. Волонтерлеріміз полиция департаментіне қалаға кіретін барлық адамдар үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Бұнымен қоса біз кейбір зейнеткерге зейнетақысын үйіне апаруға жәрдемдесеміз. Волонтерлер негізінен денсаулығына байланысты үйден шыға алмайтын немесе банк картасы жоқ зейнеткерлерге көмектеседі», - дейді штаб басшысы.
Қазір волонтерлік штаб базасында 500 азамат еңбек етеді. Олар күнделікті әлеуметтік қызметті ұйымдастырады. Жалпы, штаб базасында екі мыңнан астам волонтер бар. Бұдан бөлек бес қызметкер тұрақты жұмыс істейді. Еріктілердің жасы әртүрлі: 18-ден 40 жасқа дейін.
«Біз қатарымызға 30 жасқа дейінгі әйелдер мен 40 жасқа дейінгі ерлерге қосылуға кеңес береміз. Себебі осы жастан үлкендерге қазір жұмыс істеу қауіпті. Сондықтан біз жастарға басымдық береміз, әрине олар кәмелет жаста болуы тиіс», - деп түсіндірді Шыңғыс Тілеулин.
Сонымен қатар ол волонтерлер кездесетін қиындықтар туралы айтып берді.
«Адамдардың кейбірі біздің қызметті дұрыс түсініп, қабылдамайды. Яғни, олар «волонтер» түсінігін тегін жұмыс күші деп қабылдайды. Азаматтар ерікті өз ниеті болған соң көмектесуге келгенін түсіну керек. Әрине, пандемия кезіндегі қазіргі біздің қызмет адамдардың санасын өзгертуде. Олар волонтерлікке басқаша қарай бастады. Дегенмен біздің көптеген акция барысында, мысалы азық-түлік себеттерін тарату кезінде оған мұқтаж еместер кездесетінін атап өткім келеді. Қолында азық-түлік себеті бар волонтер отбасының тұрмысы жақсы екенін көргенде оларды ұялтуға мәжбүр. Және де, волонтерге «рақмет» айтпайтын, оның еңбегі міндетті деп қабылданатын кездер де болады. Еріктілерге «сіздер міндеттісіздер», «сіздер істеулеріңіз керек» деп айтады, бұндай адамдар волонтер тегін көмектесетін адам екенін түсінбейді. Күлімдеу, алғыс айту еріктілер үшін аса маңызды. Себебі бұл одан әрі шабыттанып жұмыс істеу үшін қажет нәрсе», - деп жұмысы жайлы әңгімеледі ол.
Шыңғыс Тілеулин сөз соңында еріктілер қатарына қалай қосылуға болатынын айтып берді:
«Қаладағы волонтерлік ұйымдардың көптігіне байланысты осы іс үшін шынымен жаны ашитын санаулы ғана ұйым қалғанын атап өткім келеді. Осыған қарамастан көптеген азамат хабарласып, қатарымызға қосыла бастады. Бұл мақтанарлық жайт. Волонтерлер қатарына қосылу үшін 109 қызметіне хабарласу керек немесе тікелей бізге - «Астана жастарына» әлеуметтік желілердегі ресми парақтар арқылы жазуға болады».