ЕҰУ-де «Этносаясат» магистрлерін даярлайтын білім беру бағдарламасы ашылды
Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов «Этносаясат» магистрлерін даярлау бойынша факультетаралық және кафедрааралық бағдарламаның тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдерінде баламасы жоқ екенін жеткізе келіп, жаңа бағдарлама Журналистика және саясаттану, Халықаралық қатынастар факультеттерінің ғылыми-білім беру базасында іске асырылатынын атап өтті. «Этносаясат» екі жылдық білім беру магистрлік бағдарламасын ашық деп жариялаймын! Факультеттерден жарнамалық және кәсіптік бағдар беру науқанын бастауды, жұмыс берушілермен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасауға кірісуді сұраймын», — деді Ерлан Сыдықов. Этносаясат саласында аналитик-сарапшыларды даярлау қажеттілігі мемлекеттік деңгейде азаматтық институттарда жұмыс істеу үшін айтарлықтай өсті. Өңірлік деңгейде — Ішкі саясат басқармаларының басшылары, мемлекеттік қызметшілер, Республикалық мемлекеттік мекемелер мен «Қоғамдық келісім» КММ, сондай-ақ Достық үйінің қызметкерлері, өңірлердегі ҚХА кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы білікті кәсіби кадрларға аса мұқтаж. Жаңа бағдарламаны қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың конституциялық қағидаттарын білім беру саласына енгізу мақсатында Саясаттану кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы бірігіп дайындады. Білім беру бағдарламасын дайындауда кадрларды даярлау басты назарға алынған. Сондықтан барлығы ОП кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленіп, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңбері аясында ұйымдастырылып отыр. «Қазақстандағы этносаясаттың тәжірибесіне қызығып отырған әлем жұртшылығы бар. Соның ішінде саясаттану ғалымдарын атап өткен жөн. Сол ғалымдарға ғылыми тұжырымдарымен бөлісетін мамандар керек. Қазақстанның тәжірибесін зерттеп, зерделеп, оны болашаққа пайдалануға және әлемге үлкен жоба ретінде ұсыну үшін кәсіби мамандар керек. Бұл білім бағдарламасы соны жүзеге асырады. Бағдарлама пәнаралық деп саналады. Оған журналистика және саясаттану факультеті мен Халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы жұмылдырады», — деді журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ.
-->Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов «Этносаясат» магистрлерін даярлау бойынша факультетаралық және кафедрааралық бағдарламаның тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдерінде баламасы жоқ екенін жеткізе келіп, жаңа бағдарлама Журналистика және саясаттану, Халықаралық қатынастар факультеттерінің ғылыми-білім беру базасында іске асырылатынын атап өтті. «Этносаясат» екі жылдық білім беру магистрлік бағдарламасын ашық деп жариялаймын! Факультеттерден жарнамалық және кәсіптік бағдар беру науқанын бастауды, жұмыс берушілермен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасауға кірісуді сұраймын», — деді Ерлан Сыдықов. Этносаясат саласында аналитик-сарапшыларды даярлау қажеттілігі мемлекеттік деңгейде азаматтық институттарда жұмыс істеу үшін айтарлықтай өсті. Өңірлік деңгейде — Ішкі саясат басқармаларының басшылары, мемлекеттік қызметшілер, Республикалық мемлекеттік мекемелер мен «Қоғамдық келісім» КММ, сондай-ақ Достық үйінің қызметкерлері, өңірлердегі ҚХА кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы білікті кәсіби кадрларға аса мұқтаж. Жаңа бағдарламаны қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың конституциялық қағидаттарын білім беру саласына енгізу мақсатында Саясаттану кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы бірігіп дайындады. Білім беру бағдарламасын дайындауда кадрларды даярлау басты назарға алынған. Сондықтан барлығы ОП кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленіп, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңбері аясында ұйымдастырылып отыр. «Қазақстандағы этносаясаттың тәжірибесіне қызығып отырған әлем жұртшылығы бар. Соның ішінде саясаттану ғалымдарын атап өткен жөн. Сол ғалымдарға ғылыми тұжырымдарымен бөлісетін мамандар керек. Қазақстанның тәжірибесін зерттеп, зерделеп, оны болашаққа пайдалануға және әлемге үлкен жоба ретінде ұсыну үшін кәсіби мамандар керек. Бұл білім бағдарламасы соны жүзеге асырады. Бағдарлама пәнаралық деп саналады. Оған журналистика және саясаттану факультеті мен Халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы жұмылдырады», — деді журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ.