БЖЗҚ 1 сәуірдегі негізгі көрсеткіштерді жариялады
Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 1 триллион теңгеге немесе 8%-ға ұлғайды. «Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы: Міндетті зейнетақы жарналары 12,3 трлн теңгені құрады, бір жылдағы өсім 8%; Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 315,9 млрд теңгені, өсім 16%; Ерікті зейнетақы жарналары 2,2 млрд теңгені құрады, өсім 8%», делінген хабарламада. Зейнетақы жинақтарының өсуі 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуірі аралығында 358,2 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алды. Қордан берілетін төлемдер, ең алдымен, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен айтарлықтай өсті. 2021 жылдың үш айында ғана БЖЗҚ салымшыларына Қордан 1,03 трлн теңгеден астам сомаға келесі төлемдер жүргізілді: БЗТ - 952,4 млрд теңге, Сақтандыру ұйымдарына аударымдар - шамамен 26 млрд теңге, Жасына байланысты төлемдер - 24,2 млрд теңге, Мұрагерлік бойынша - 17,8 млрд теңге, ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты - 7,4 млрд теңге, Жерлеуге берілетін төлемдер - 1,2 млрд теңге, Мүгедектік бойынша төлемдер - 0,6 млрд теңге. Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 29 080 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады.
-->Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 1 триллион теңгеге немесе 8%-ға ұлғайды. «Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы: Міндетті зейнетақы жарналары 12,3 трлн теңгені құрады, бір жылдағы өсім 8%; Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 315,9 млрд теңгені, өсім 16%; Ерікті зейнетақы жарналары 2,2 млрд теңгені құрады, өсім 8%», делінген хабарламада. Зейнетақы жинақтарының өсуі 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуірі аралығында 358,2 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алды. Қордан берілетін төлемдер, ең алдымен, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен айтарлықтай өсті. 2021 жылдың үш айында ғана БЖЗҚ салымшыларына Қордан 1,03 трлн теңгеден астам сомаға келесі төлемдер жүргізілді: БЗТ - 952,4 млрд теңге, Сақтандыру ұйымдарына аударымдар - шамамен 26 млрд теңге, Жасына байланысты төлемдер - 24,2 млрд теңге, Мұрагерлік бойынша - 17,8 млрд теңге, ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты - 7,4 млрд теңге, Жерлеуге берілетін төлемдер - 1,2 млрд теңге, Мүгедектік бойынша төлемдер - 0,6 млрд теңге. Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 29 080 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады.