Елордадағы №59 мектепте маска мен температураны өлшеу технологиясы енгізілді
Бұдан басқа, қазақстандық ІТ-әзірлеме деректер базасында тіркелмеген адамдардың мектепке кіруін шектейді және оқушылардың, оқытушылардың және барлық қызметкерлердің келіп-кету уақытын қадағалауға мүмкіндік береді. «Бұл әзірлеме бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді: қауіпсіздікті және оқушылар мен қызметкерлердің келіп-кету уақытын бақылауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта отандық әзірлеушілердің 200-ден астам клиенттері бар, олардың 80%-ы Қазақстан аумағында, қалғандары - Ресей, Украина, Өзбекстан, Филиппин, Сингапур, Индонезия және Үндістан елдерінен» - дейді Clockster өкілі Арман Ерназаров. Қазақстандық Clockster әзірлемесі - жұмыс уақытын есепке алуға арналған HR-жүйе. Бұл ыңғайлы, өйткені ол әр түрлі биометриялық құрылғылармен біріктірілуі мүмкін. Әзірлеушілердің айтуынша, Clockster жүйесі ерекше, өйткені компания базасында мәліметтер болмаған кезде жүйе адамның бет биометриясын танымайды және оны ғимаратқа кіргізбейді. Әзірлеме пилоттық жоба аясында №59 мектебінде іске қосылды. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бірінші кезектегі міндет. Мектепке кіргізетін карталар үнемі жоғалады немесе бөтен адамның қолына түсіп қалуы мүмкін. Clockster жүйесінің тағы бір ерекшелігі – баланың сабаққа қатысуы туралы хабарлама бірден басшылыққа да, оқушының ата-анасына да келеді. Деректердің сақталуына Clockster және деректердің иелері болып табылатын пайдаланушылардың өздері жауап береді», - деп хабарлайды «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Әділет Нұрғожин. «Біздің жоба 2020 жылы «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығында» осалдықтарды табуға тестілеуден өтті, олардың ұсыныстары бойынша барлық ықтимал осалдықтар жойылды», - дейді Арман Ерназаров. Айта кетейік, Astana Innovations Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, елорда тұрғындары мен қонақтарының тұруы үшін қолайлы және жайлы жағдай жасайды. Осылайша, «Ақылды аудан» жобасы аясында Astana Innovations енгізуге дайын шешімдері бар компанияларды табады. Нәтижелер сәтті болған жағдайда, жүйені елорданың басқа мектептерінде де орнату ұсынылады.
-->Бұдан басқа, қазақстандық ІТ-әзірлеме деректер базасында тіркелмеген адамдардың мектепке кіруін шектейді және оқушылардың, оқытушылардың және барлық қызметкерлердің келіп-кету уақытын қадағалауға мүмкіндік береді. «Бұл әзірлеме бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді: қауіпсіздікті және оқушылар мен қызметкерлердің келіп-кету уақытын бақылауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта отандық әзірлеушілердің 200-ден астам клиенттері бар, олардың 80%-ы Қазақстан аумағында, қалғандары - Ресей, Украина, Өзбекстан, Филиппин, Сингапур, Индонезия және Үндістан елдерінен» - дейді Clockster өкілі Арман Ерназаров. Қазақстандық Clockster әзірлемесі - жұмыс уақытын есепке алуға арналған HR-жүйе. Бұл ыңғайлы, өйткені ол әр түрлі биометриялық құрылғылармен біріктірілуі мүмкін. Әзірлеушілердің айтуынша, Clockster жүйесі ерекше, өйткені компания базасында мәліметтер болмаған кезде жүйе адамның бет биометриясын танымайды және оны ғимаратқа кіргізбейді. Әзірлеме пилоттық жоба аясында №59 мектебінде іске қосылды. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бірінші кезектегі міндет. Мектепке кіргізетін карталар үнемі жоғалады немесе бөтен адамның қолына түсіп қалуы мүмкін. Clockster жүйесінің тағы бір ерекшелігі – баланың сабаққа қатысуы туралы хабарлама бірден басшылыққа да, оқушының ата-анасына да келеді. Деректердің сақталуына Clockster және деректердің иелері болып табылатын пайдаланушылардың өздері жауап береді», - деп хабарлайды «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Әділет Нұрғожин. «Біздің жоба 2020 жылы «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығында» осалдықтарды табуға тестілеуден өтті, олардың ұсыныстары бойынша барлық ықтимал осалдықтар жойылды», - дейді Арман Ерназаров. Айта кетейік, Astana Innovations Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, елорда тұрғындары мен қонақтарының тұруы үшін қолайлы және жайлы жағдай жасайды. Осылайша, «Ақылды аудан» жобасы аясында Astana Innovations енгізуге дайын шешімдері бар компанияларды табады. Нәтижелер сәтті болған жағдайда, жүйені елорданың басқа мектептерінде де орнату ұсынылады.