Елорда жаңалықтары

«Абай әлемі» ғылыми байқауына 1 шілдеге дейін өтінім қабылданады

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр. Мақсат - Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету. Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады. Ғылыми мақалалар мына тақырыпта болуға тиіс. Студенттер үшін: 1) «Абай мұрасы - рухани жаңғыру өзегі»; 2) «Абай шығармашылығының рухани арналары»; 3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі». Магистранттар үшін: 1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»; 2) «Қуғындалған абайтанушылар»; 3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі». 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге дейін өтінімдер мен мақалалар abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз айында анықталады.

-->