«Абу-Даби Плаза» сауда ойын-сауық орталығында вакцина егу пункті ашылды
Аталған сауда ойын-сауық орталығының вакцина егу пункті 3 бөлме және күту залынан тұрады. Екпені салдыруға келген адам ең алдымен дәрігер қарауынан өтеді. Дәрігер пациенттің жағдайын тексеріп, денсаулығына қатысты бірнеше сұрақтар қояды. Артынша тамағын, қан қысымы мен дене қызуын өлшейді. Пациенттің хәлі барлық параметрге сай келсе келесі вакцина салатын бөлмеге кіреді. «Вакцина салдыру біздің әлеуметтік жауапкершілігімізге жатады деп ойлаймын. Көңіл-күйім өте жақсы. Өзімді бірқалыпты сезініп тұрмын. Жалпы вакцинаны денсаулығымды ойлап, аурудың алдын алу мақсатында салдырдым. 21 күннен соң екінші компонентін алуға тағы да келемін. Дәрігерлер 3 күн бойы жағдайымды бақылап, қарауда болатынымды ескертті» — деді «Болашақ» қауымдастығының мүшесі Айдар Махметов «Абу-Даби Плаза» сауда ойын-сауық орталығының вакцина егу пунктінде қазақстандық QazVac вакцинасын алғандар да болды. «Мен арнайы осы қазақстандық вакцинаны күтіп, бүгін салдырдым. Менің ойымша, ғалымдар, биологиялық қауіпсіздік өкілдері QazVac вакцинасын өте жоғары деңгейде жасаған. Бұған қатысты әртүрлі пікірлерді естідім. Алайда бойымдағы патриоттық сезіммен ресейлік немесе қытайлық вакцинаны емес, өзіміздің қазақстандық вакцинаны таңдадым. Салдырған соң ешқандай кері әсерін байқамадым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын», — деді «Ғылым» қорының басқарма төрағасы Арын Өрсалиев. Айта кету керек, бүгінгі вакцина салу қызметіне №9 қалалық емхана дәрігерлері жұмылдырылды.
-->Аталған сауда ойын-сауық орталығының вакцина егу пункті 3 бөлме және күту залынан тұрады. Екпені салдыруға келген адам ең алдымен дәрігер қарауынан өтеді. Дәрігер пациенттің жағдайын тексеріп, денсаулығына қатысты бірнеше сұрақтар қояды. Артынша тамағын, қан қысымы мен дене қызуын өлшейді. Пациенттің хәлі барлық параметрге сай келсе келесі вакцина салатын бөлмеге кіреді. «Вакцина салдыру біздің әлеуметтік жауапкершілігімізге жатады деп ойлаймын. Көңіл-күйім өте жақсы. Өзімді бірқалыпты сезініп тұрмын. Жалпы вакцинаны денсаулығымды ойлап, аурудың алдын алу мақсатында салдырдым. 21 күннен соң екінші компонентін алуға тағы да келемін. Дәрігерлер 3 күн бойы жағдайымды бақылап, қарауда болатынымды ескертті» — деді «Болашақ» қауымдастығының мүшесі Айдар Махметов «Абу-Даби Плаза» сауда ойын-сауық орталығының вакцина егу пунктінде қазақстандық QazVac вакцинасын алғандар да болды. «Мен арнайы осы қазақстандық вакцинаны күтіп, бүгін салдырдым. Менің ойымша, ғалымдар, биологиялық қауіпсіздік өкілдері QazVac вакцинасын өте жоғары деңгейде жасаған. Бұған қатысты әртүрлі пікірлерді естідім. Алайда бойымдағы патриоттық сезіммен ресейлік немесе қытайлық вакцинаны емес, өзіміздің қазақстандық вакцинаны таңдадым. Салдырған соң ешқандай кері әсерін байқамадым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын», — деді «Ғылым» қорының басқарма төрағасы Арын Өрсалиев. Айта кету керек, бүгінгі вакцина салу қызметіне №9 қалалық емхана дәрігерлері жұмылдырылды.