Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирде жеңімпаз атанды
23 жастағы теміртаулық спортшы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған додаға Қазақстаннан жалғыз қатысты. Ол 25 жастағы германиялық Кай Вехнельтпен бірге кездесулерінің бәрін жеңіспен аяқтады. Финалда қазақстандық-германиялық жұп аргентиналық Хуан Игнасио Гапарсу – Хуан Пабло Пасты 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Оның алдында Г.Ломакин мен К.Вехнельт америкалық Оливер Кроуфорд – германиялық Бенедиктіні 3:6, 6:3, 10:8, жапониялықтар Шохей Чиками – Римпей Кавакамиді 6:2, 7:6 және италиялық Даниэли Капеччи – Франческо Пассароны 3:6, 6:3,10:5 есебімен жеңді.
-->23 жастағы теміртаулық спортшы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған додаға Қазақстаннан жалғыз қатысты. Ол 25 жастағы германиялық Кай Вехнельтпен бірге кездесулерінің бәрін жеңіспен аяқтады. Финалда қазақстандық-германиялық жұп аргентиналық Хуан Игнасио Гапарсу – Хуан Пабло Пасты 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Оның алдында Г.Ломакин мен К.Вехнельт америкалық Оливер Кроуфорд – германиялық Бенедиктіні 3:6, 6:3, 10:8, жапониялықтар Шохей Чиками – Римпей Кавакамиді 6:2, 7:6 және италиялық Даниэли Капеччи – Франческо Пассароны 3:6, 6:3,10:5 есебімен жеңді.