“Оскар”-2021: “Көшпенділер жері” фильмі үш номинация бойынша үздік атанды
“Көшпенділер жері” ( “Nomadland”) фильмі “Ең үздік фильм” атанып, ал оның режиссері Хлоя Чжао үздік режиссерлік үшін алтын мүсіншемен марапатталды. Ол АҚШ-тағы нәсілдік азшылық топтан шығып, “Оскар” алған алғашқы әйел режиссер. “Көшпенділер жері” фильмі фургонда өмір сүріп, Американы саяхаттаған жесір әйел туралы баяндайды. Бас кейіпкерді сомдаған Фрэнсис Макдорманд “Үздік әйел рөлі” үшін “Оскарға” ие болды. Осылайша киноакадемияның басты марапаттарын жинаған “Көшпенділер жері” фильмі биылғы Оскардың триумфаторы болды. “Ең үздік ер рөлі” марапатын 83 жастағы Энтони Хопкинс алды, ол “Әке” (The Father) фильмінде деменциямен ауыратын кейіпкерді ойнады. “Оскар” – 2021 жеңімпаздарының толық тізімімен ресми сайтынан танысуға болады.
-->“Көшпенділер жері” ( “Nomadland”) фильмі “Ең үздік фильм” атанып, ал оның режиссері Хлоя Чжао үздік режиссерлік үшін алтын мүсіншемен марапатталды. Ол АҚШ-тағы нәсілдік азшылық топтан шығып, “Оскар” алған алғашқы әйел режиссер. “Көшпенділер жері” фильмі фургонда өмір сүріп, Американы саяхаттаған жесір әйел туралы баяндайды. Бас кейіпкерді сомдаған Фрэнсис Макдорманд “Үздік әйел рөлі” үшін “Оскарға” ие болды. Осылайша киноакадемияның басты марапаттарын жинаған “Көшпенділер жері” фильмі биылғы Оскардың триумфаторы болды. “Ең үздік ер рөлі” марапатын 83 жастағы Энтони Хопкинс алды, ол “Әке” (The Father) фильмінде деменциямен ауыратын кейіпкерді ойнады. “Оскар” – 2021 жеңімпаздарының толық тізімімен ресми сайтынан танысуға болады.