Сәкен Майғазиев: Халқымнан әулие емес шығармын
Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін салдырған. «Халқымнан, Президенттен, имамдардан, мұғалімдерден, мемлекеттік қызметкерлерден, медицина, полиция қызметкерлерінен әулие емес шығармын. Көппен көрген ұлы той, кеше мен де «Спутник V» екпесін салдырдым», - деп жазды С. Майғазиев Instagram парақшасында. Екпені салдырған әнші ешқандай ауыртпалық сезбеген, жағдайы жақсы. Айта кетейік, Қазақстанда 893 633 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы вакцина салдыру оразаны бұзбайтынын айтқан болатын.
-->Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін салдырған. «Халқымнан, Президенттен, имамдардан, мұғалімдерден, мемлекеттік қызметкерлерден, медицина, полиция қызметкерлерінен әулие емес шығармын. Көппен көрген ұлы той, кеше мен де «Спутник V» екпесін салдырдым», - деп жазды С. Майғазиев Instagram парақшасында. Екпені салдырған әнші ешқандай ауыртпалық сезбеген, жағдайы жақсы. Айта кетейік, Қазақстанда 893 633 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы вакцина салдыру оразаны бұзбайтынын айтқан болатын.