Елорда жаңалықтары

Қошқарбаев – әл-Фараби даңғылының қиылысы 4-7 қыркүйекте толығымен жабылады

Қошқарбаев – әл-Фараби қиылысында көлік қозғалысы 4-7 қыркүйек аралығында толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағдарын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Елорда Инфо. Орташа жөндеу аясында Қошқарбаев пен әл-Фараби даңғылдарының қиылысында көлік айырбасында жол құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты 4-7 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы керек. «Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністік танытуды сұраймыз», - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

-->