Елорда жаңалықтары

Малайзия Парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

А.Харун Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформалардың күн тәртібінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Спикер одан әрі экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін саяси реформаларының маңыздылығы туралы ұстаныммен келісетінін баса айтты.

Малайзияның әлемдік деңгейдегі «халал» стандарттары үшін заңнамалық базасын жасау тәжірибесі аясында сұхбаттасушылар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы шеңберінде екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың әлеуетін талқылады.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар пандемиядан кейінгі кезеңде екі елдің экономикалық ынтымақтастығын қалпына келтіру амалдарын бөлек талқылады.

Қазақстанда өткен парламенттік сайлаудың нәтижесін және Парламент Мәжілісі құрамының жаңаруын ескере отырып, тараптар пандемияға байланысты шектеулер жойылғаннан кейін әріптестерімен кездесу үшін Өкілдер палатасының Спикері бастаған Малайзия парламенттік делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға уағдаласты.

-->