Елордада «Мейкатон» жобасының екінші кезеңі өтті
PreTOM кезеңі – мүмкіндігі шектеулі адамдармен прототиптер жасайтын өнертапқыштарды таныстыруға бағытталған іс-шара.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Астана жастары» ЖРО, «ҚР-дағы Тель-Авив университеті достар қауымдастығы» ЗТБ, «Astana International University» университеті және «GreenTal» әлеуметтік шеберханасымен біріге Нұр-Сұлтан қаласында он бірінші мейкатон іс-шарасын өткізді.
«Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында бірінші рет өткізілуде. Мейкатонның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамда бейімделуіне бағытталып, толыққанды тұрмыстарын ұйымдастыруға арналған, қолданыста ыңғайлы, жасалуы қарапайым және бағасы қолжетімді прототиптер жасау. Қазір PreTOM кезеңі өтуде. Бұл этапта командалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар кездеседі. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құралдардың бөлшектері мен қажеттіліктерін талқылайды. Мысалға біреуге 5-ші арбаның дөңгелегі керек немесе тез жүруге арналған приставка болмаса арбаның баспалдақтан оңай өтуі үшін ыңғайлы жолдарын ойлап табу», — деді ҚР Тель Авив университетінің достар қауымдастығы ЗТБ вице-президенті Сәния Арапова.
Бүгінгі шарада 10 команда мәселені түсінуге және жобалау мен идеяларының алғашқы тың идеалдар жасайтын болады. Бұл жолғы мейкатонның ерекшелігі — «GreenTal» әлеуметтік шеберханасының командасы қатысуы.
«Мейкатон» жобасына жылда қатысамын. Ең алғаш 2018 жылы Алматыда қатыстым. Екінші рет 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Назарбаев университетінде өткен болатын. Сол жолы 1-орынды иелендік. 2020 жылы ЭКСПО-да өткен жобада 2-ші орын алдық. Жалпы біз мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысын жеңілдету үшін көп еңбек атқарамыз» — деді жоба қатысушысы Болат Бабек.
Айта кету керек, командалар спорттық медицина және оңалту саласындағы сарапшы-бағдарламашылардан сараптамалық сүйемелдеу алады. PreTOM кезеңі барысында қатысушылар мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кеңес беретін болады, олар үшін прототиптер әзірленеді.