Елорда жаңалықтары

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау 4 мамырда басталады

Стипендиялар үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады. Алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылды. «Үміткерге жеке кабинетінде бірегей код беріліп, ол барлық конкурстық іріктеу барысында пайдаланылады. Үміткердің жеке деректері де бірегей сәйкестендіру жүйесінің көмегімен кодталған. Байқаудағы іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылды. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау кезеңдерін қамтиды», - делінген хабарламада.

-->