Бакуда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дөңгелек үстел отырысы өтті
Іс-шараға Халық жазушысы, Әзербайжан Жазушылар одағының хатшысы Чингиз Абдуллаев, «Халықаралық қатынастарды талдау орталығы» басқармасының төрағасы Фарид Шафиев, Әзербайжанның шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының көрнекті өкілдері қатысты.
Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов кездесудің қатысушыларына Қазақстан Республикасының жетістіктері және жаңа тарихи жағдайларында мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуы мен негізгі кезеңдері, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мазмұны, елімізді демократияландыруға және саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған жаңа әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Түркі интеграциясының маңыздылығына назар аудара отырып, дипломат Түркі кеңесінің Түркістанның рухани астанасы ретіндегі мәртебесін айқындаудағы, қаланың халықаралық қоғамдастықтағы жалпы түркілік маңызын күшейтудегі тарихи рөлін атап өтті. Түркістанның жандануы туралы ақпарат қатысушылардың қызығушылығын тудырды, олардың назарына ұсынылған фильмде олар оның жаңа келбеттін көре алды.
Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, түркітілдес мемлекеттер арасындағы байланыстар мен шоғырландыруды нығайтуға бағытталған түркілердің рухани және материалдық еңбектерін талдау, лингвистикалық дереккөздерді жаңаша жариялау, тарихи мұраны қайта ойластыру бойынша бірлескен жұмысты талқылады.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынастарының жай-күйі мен өзекті мәселелерін талқылап, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Дөңгелек үстел отырысы аясында Қазақстанның Мәдениет министрінің атынан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есімі мен мұрасын насихаттауға үлес қосқан тұлғаларға алғыс хаттар табыс етілді. Баку мемлекеттік университеті (БМУ) жанындағы Абай атындағы Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығының жетекшісі Фатима Дурсунова, БМУ түркология кафедрасының меңгерушісі Рамиз Аскаров, М.Кашгари атындағы Халықаралық қордың төрағасы, жазушы Эльхан Зал Караханлы, журналист-публицист Аида Эйвазова, жазушы-прозашы Нариман Абдулрахманлы, педагогикалық университеті әдебиет кафедрасының профессоры Эльман Гулиев және жазушы-ақын Ибрагим Ильяслы марапаттарға ие болды.
-->Іс-шараға Халық жазушысы, Әзербайжан Жазушылар одағының хатшысы Чингиз Абдуллаев, «Халықаралық қатынастарды талдау орталығы» басқармасының төрағасы Фарид Шафиев, Әзербайжанның шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының көрнекті өкілдері қатысты.