ЕҰУ жаһандық «Times Higher Education Impact Ranking» рейтингісінің топ 601-800 қатарына кірді
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 94 елдің 1 115 университеті арасында рейтингтің 601-800 топ қатарына кірді. Бұл рейтингке Қазақстанның 6 жоғары оқу орны қатысты. Жаһандық рейтинг тұрақты дамудың он жеті мақсатына назар аударды: кедейлік пен аштықты жою, жақсы денсаулық пен әл-ауқат, сапалы білім, гендерлік теңдік, таза су мен санитария, арзан және таза энергия, лайықты жұмыс және экономикалық өсу, индустрия, инновациялар мен инфрақұрылым, теңсіздікті азайту, тұрақты қалалар мен елді мекендер, жауапты тұтыну және өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, теңіз экожүйелерін сақтау, құрлық экожүйелерін сақтау; бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар, сондай-ақ тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік. Еуразия ұлттық университеті тұрақты дамудың 17 мақсатының 5-еуін ранжирлеуге қатысты және «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым», «Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар» көрсеткіштері бойынша әлемнің 301-400 университеттерінің қатарына енді. Әлем университеттері арасындағы бұл рейтинг алғаш рет 2019 жылы өткен болатын.
-->Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 94 елдің 1 115 университеті арасында рейтингтің 601-800 топ қатарына кірді. Бұл рейтингке Қазақстанның 6 жоғары оқу орны қатысты. Жаһандық рейтинг тұрақты дамудың он жеті мақсатына назар аударды: кедейлік пен аштықты жою, жақсы денсаулық пен әл-ауқат, сапалы білім, гендерлік теңдік, таза су мен санитария, арзан және таза энергия, лайықты жұмыс және экономикалық өсу, индустрия, инновациялар мен инфрақұрылым, теңсіздікті азайту, тұрақты қалалар мен елді мекендер, жауапты тұтыну және өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, теңіз экожүйелерін сақтау, құрлық экожүйелерін сақтау; бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар, сондай-ақ тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік. Еуразия ұлттық университеті тұрақты дамудың 17 мақсатының 5-еуін ранжирлеуге қатысты және «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым», «Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар» көрсеткіштері бойынша әлемнің 301-400 университеттерінің қатарына енді. Әлем университеттері арасындағы бұл рейтинг алғаш рет 2019 жылы өткен болатын.