«Керуен» сауда ойын-сауық орталығында вакциналау пункті ашылды
Нұр-Сұлтанда қазір 100-ден астам егу пункті жұмыс істейді. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаны 75 мыңға жуық қала тұрғыны алды.
Бүгін қаланың «Керуен» сауда орталығында вакциналау пункті ашылды. Оған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.
"Бүгіннен бастап біз «Керуен» сауда орталығында вакциналау жұмысын бастадық. Бұл жұмыс барысына Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық емханасының қызметкерлері мен дәрігерлері жауапты. Вакциналау таңғы 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар сенбі-жексенбі күніне де демалыссыз істейміз. 2 дәрігер қабылдау бөлмесі мен 2 вакцина салу бөлмесі және күту залы бар. Қазіргі кезде осы сауда орталықтың қызметкерлері вакцина алуда", — деді №2 қалалық емхана директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Майра Ахметова.
«Ең алдымен осындай вакцина салатын пункт ашылғанына қуаныштымын. Денсаулығымның қауіпсіздігі үшін өз еркіммен келіп вакцина қабылдаудамын. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жалпы көпшілік орында қызмет еткендіктен ең алдымен біз өзімізді сақтандыру қажетпіз», — деді күзет бастығы Құрал Оразов.
Айта кету керек, осыған дейін вакциналау пункттері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы мен "Mega Silk Way" СОО-да іске қосылды.
Алдағы таңда "Абу-Даби Плаза" сауда ойын-сауық орталықтығы дайын. Қажет болған жағдайда қаладағы қонақүйлер де іске қосылады.