Елорда жаңалықтары

Криптофермалардың қарасы көбейіп келеді

Цифрлы фермалардың негізі­нен электр энергиясын өндіретін нысандардың жанынан ашылатыны белгілі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми мәліметінше, фермалар негізінен еліміздің солтүстік өңірлерінде көп шоғырланған. Атап айт­қанда, Павлодар және Шығыс Қазақ­стан облыстарындағы, сон­­дай-ақ Орал қаласындағы цифр­­лы фермалар тәй-тәй басып келе­ді. Айтпақшы, олардың кө­ме­гі­­мен былтыр 82 млрд теңге ин­вес­­тиция тартылған. Қалай десек те, елімізде цифр­­лы фермалар көбейіп келеді. Демек жақын болашақта Қазақ­стан­ның өзіндік криптонарығы да құрылуы мүмкін. Бұл бағыт­тың біздегі әлеуеті де жоғары. Со­ған қарамастан майнинг пен криптобизнес индустриясын құруға қолбайлау болып отырған кедергілер де бар. Алдымен соларды реттеу керек. Мәселен, 2020 жылғы 25 мау­сымда қабылданған Цифрлы тех­нологияларды реттеу мәсе­л­е­лері жөніндегі заңда цифрлы активтер айналымының құ­қық­тық режімі белгіленген. Атап айт­қанда, «цифрлы актив» ұғы­мы енгізілді. Бұл қамтамасыз етіл­ген және қамтамасыз етілме­ген криптовалюталар болып бө­лінеді. Осылайша, майнингті кәсіп­керлік қызмет ретінде та­ну үшін заңнамалық база құ­рыл­ды. Бірақ Ұлттық банк өзінің құ­қық­­тық актілері арқылы крип­то­валюталардың айналымын және онымен мәміле жасауды шек­теп, тыйым салып отыр. Өз кезе­гінде бұл Қазақстандағы крип­тобир­жаның дамуын тежейді. Осыған байланысты крипто­ин­дустрияны дамыту мақ­са­тын­да қолданыстағы заң­дар мен нор­мативтік-құқық­тық акті­лер­ге өзгерістер енгізу тәсіл­дерін анықтау үшін жұ­мыс тобы құ­рылды. Демек сала­дағы өзге­ріс­тің ауылы алыс емес секілді. Оның үстіне Цифр­лық даму, инновация­лар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министр­лігі алдағы үш жылда цифрлы фер­малар Қазақстанға 300 млрд теңге көлемінде инвестиция әке­леді деп болжам жасап отыр. Жалпы, әлемдік деңгейде қарастырар болсақ, біздің елдегі электр энергиясының құны арзан. Ал арзан әрі мол энергия – криптовалюта өндіру үшін қажетті шикізат. Елдегі цифр­лы фермалардың жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны да сондықтан. Мәселен, бір биткоин алу үшін орташа есеппен 78 мың кВт/сағат электр энергиясы пайдаланылады екен. Бұл шамамен 1,5 млн теңге жұмсала­ды деген сөз. Бірақ біздегі шектеулерге байланысты криптовалютаны өндіруге мүмкіндік болса да, оны жұмсауға рұқсат жоқ. Ал өндірістің дұрыс жолға қойылуына жабдықтың тиім­ділігі, желінің күрделілігі және жұмсалған электр энергиясының мөлшері әсер етеді. Белгілі болғандай, Қазақстан биткоин өндірісі бойынша әлем­дік рейтингте төртінші орында тұр. Сол себепті біздің елге әлем­нің түкпір-түкпірінен май­нер­­лер жиі келеді. Оларды элек­тр энер­гиясының арзан­ды­­ғы қызық­тыра­ды, әлбетте. Бірақ крипто­валюта опера­ция­ларындағы құ­пия­­­лылықтың жоғарылығына бай­ланысты оның заңды төлем құра­лы емес екенін білгенде, олардың көңілі су сепкендей басылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабар­лауын­ша, криптовалютаның эко­но­микалық тәуекелі жоғары. «Кө­леңкелі мәмілелер» көп жа­салуы мүмкін. Ал бұл эконо­ми­­каның дамуына кері әсер ете­ді. Агенттік әлемдік қаржы жү­йесінде криптовалютаны реттейтін тетіктер жоқ екенін алға тартуда. Сондықтан цифрлы ақша ешкімге бағынбайды және оған әсер ететін факторлар да шамалы. Сол себепті әр ел криптовалюта нарығын өз бетінше рет­­теуге тырысады. – Қарапайым адам үшін қа­шанда қауіп пен қатер бар. Бұл жерде қаржылық білім маңызды. Көзді жұмып, пәтер мен көлікті криптовалютаға салып жіберу дұрыс емес. Инвестициялық сауат­тылықты меңгеріп, қауіп­тің жа­йын аңғару керек. Мәсе­лен, крип­­товалюта бағасы күрт көтерілсе, оны сатып алудың қа­жеті шамалы. Дұрысы, оның баға­сы арзандаған кезде са­тып алу. Яғни қай кезде қандай қа­дам жасау керектігін білу шарт. Крип­товалюта нарығындағы ойын­­шылар көбейді. Бұған пан­демияның да әсері болды. Тығы­рыққа тірелген кәсіпкерлер қолда бар активінің барлығын криптовалюта нарығының айналымына жұмсады. Бұл нарықтың белсенділігін арттырып жіберді, – дейді Қазақстан блокчейн қоғам­­дастығының негізін қалау­шы Батырбек Омаров.     © egemen.kz

-->