Елордада «Рамазан сыйлығы» жобасы басталды
Аталған шарада елордадағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 100-ге жуық азық-түлік себеттері таратылады. Оның ішіне көпбалалы, ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар және жалғыз тұратын ардагерлер бар. «Біз қала әкімі Алтай Сейдірұлының тапсырмасымен наурыз айында игі шараларды бастап кеттік. Қайырымдылық шаралары аясында 4500 адамды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсеттік. Оған «UMMET» қайырымдылық қоры атсалысты. Бүгін де 100 шақты азық-түлік себетін аз қамтылған отбасыларға тарататын боламыз», — деді «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов. «Құрметті жиылған қауым, ең алдымен Рамазан айы құтты болсын! Осы қасиетті айда игі істермен айналысу сауапты іс. Жалпы қазақ ұлты жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халықпыз. Біз бұндай жақсылық шараларынан ешқашан сырт қалмаймыз. Қашанда аз қамтылған, мұқтаж отбасыларды қолдауға, көмек қолын созуға дайынбыз», — деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов. Айта кету керек, бір азық-түлік себетінің құрамына: ұн, күріш, макарон, қант, күнбағыс майы, тұз, шай және т. б. азық-түлік кіреді.
-->Аталған шарада елордадағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 100-ге жуық азық-түлік себеттері таратылады. Оның ішіне көпбалалы, ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар және жалғыз тұратын ардагерлер бар. «Біз қала әкімі Алтай Сейдірұлының тапсырмасымен наурыз айында игі шараларды бастап кеттік. Қайырымдылық шаралары аясында 4500 адамды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсеттік. Оған «UMMET» қайырымдылық қоры атсалысты. Бүгін де 100 шақты азық-түлік себетін аз қамтылған отбасыларға тарататын боламыз», — деді «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов. «Құрметті жиылған қауым, ең алдымен Рамазан айы құтты болсын! Осы қасиетті айда игі істермен айналысу сауапты іс. Жалпы қазақ ұлты жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халықпыз. Біз бұндай жақсылық шараларынан ешқашан сырт қалмаймыз. Қашанда аз қамтылған, мұқтаж отбасыларды қолдауға, көмек қолын созуға дайынбыз», — деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов. Айта кету керек, бір азық-түлік себетінің құрамына: ұн, күріш, макарон, қант, күнбағыс майы, тұз, шай және т. б. азық-түлік кіреді.