Елорда жаңалықтары

Дін мәселелерін зерттеу орталығы «KinoTime» сағатын өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы елорда әйелдер жамағаты үшін «KinoTime» сағатын өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Орталықта ұйымдастырылған іс-шараның ашылуында Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.Ж.Қарашолақов, психология ғылымдарының кандидаты А.С.Нұрадинов және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аймақтану кафедрасының меңгерушісі А.Н.Оспанова сөз сөйледі. «KinoTime» сағатында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған «Қара жол» көркемфильмі көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар ақпараттық таратпа материалдарын және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «iKOMEK-109» қауырт желісі туралы, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық діни іс-шаралары мен сұрақтарына жауап алатындығынан хабардар болды. Іс шара аясында барлығы 15 көрермен қамтылды.

-->