Елорда жаңалықтары

«Керуен» және «Абу-Даби Плаза» кешенінде екпе жасау пункті ашылады

«Жақын арада вакцина салу пункттері «Керуен» сауда орталығы мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде де ашылады. Қажет болған жағдайда вакцинация пункттері қаланың қонақ үйлерінде де ашылады», - деді Тимур Мұратов. Халықтың COVID-19-ға қарсы вакцина алу белсенділігінің жоғары болуына байланысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жылжымалы бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялауға кірісті. «Қаладағы кәсіпорындарда COVID-19 қарсы вакцина алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді», деді онлайн брифингте басқарма басшысы.

-->