Елордада 65 мыңдай адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды
Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 600 мың адамға немесе қала тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакцинациялау жоспарланған. Бүгінгі таңда елордада 65 мыңдай адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Олар медициналық қызметкерлер, оқытушылар, құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызмет мамандары және созылмалы аурулары бар адамдар мен өз қалауы бойынша екпе алған азаматтар. Басқарма басшысы онлайн брифингте вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар тіркелмегенін атап көрсетті. «Халықты вакцинациялаумен кеңінен қамту үшін қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36 - дан 100-ге дейін ұлғайтылды, АМСК ұйымдары үшін 8:00-ден 24:00-ге дейін, ойын-сауық орталықтарында 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты ұзартылды. Сондай-ақ, қаланың екі ірі «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» ОСО-ларында егу аймақтары ұйымдастырылды», деді Тимур Мұратов.
-->Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 600 мың адамға немесе қала тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакцинациялау жоспарланған. Бүгінгі таңда елордада 65 мыңдай адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Олар медициналық қызметкерлер, оқытушылар, құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызмет мамандары және созылмалы аурулары бар адамдар мен өз қалауы бойынша екпе алған азаматтар. Басқарма басшысы онлайн брифингте вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар тіркелмегенін атап көрсетті. «Халықты вакцинациялаумен кеңінен қамту үшін қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36 - дан 100-ге дейін ұлғайтылды, АМСК ұйымдары үшін 8:00-ден 24:00-ге дейін, ойын-сауық орталықтарында 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты ұзартылды. Сондай-ақ, қаланың екі ірі «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» ОСО-ларында егу аймақтары ұйымдастырылды», деді Тимур Мұратов.