Елорда жаңалықтары

COVID-19: Елордада 111 адам жан сақтау бөлімінде жатыр

Елорда коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы бойынша әлі де «қызыл аймақта». Вирус жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді. Орта есеппен тәулігіне КВИ-ның 500-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Бұл өткен жылдың шілде айына қарағанда әлдеқайда көп. «КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін 15 аурухана тартылған, олардың төсек сыйымдылығы 2 264 төсек-орын. Бүгінгі күні 1 212 науқас ауруханаларда ем қабылдап жатыр, оның ішінде коронавирус 1 112 адамда расталған, 100 науқас пневмониямен емделіп жатыр», деп көрсетті Тимур Мұратов. Басқарма басшысының айтуынша қазір жан сақтау бөлімінде 111 адам, оның 26-сы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұған қоса 4 мыңға жуық адам үйде ем қабылдап жатыр.

-->