Елордада "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жайы талқыланды
Кездесуге "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сәдуақасов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, қоғам қайраткерлері, ірі бизнесмендер, партия белсенділері және т.б. қатысты. «Біздің алда тұрған үлкен мақсат – сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру. Алдағы таңда алдымызда үлкен шаралар күтіп тұр. Өздеріңізге белгілі, өткен аптада орталық аппаратта республикалық деңгейдегі 14 қоғамдық кеңес құрылды. Сол жиында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 11 кеңестің құрамын бекіттік. Сонымен қатар жетекшілерін сайладық. Ендігі кезекте қай бағытта жұмыс істейтінімізді талқылау қажет. Біріншіден, кеңестің жоспарын бекітуіміз керек. Одан әрі жоспар бойынша сәуір айының соңына дейін алғашқы ұйымдастыру отырысын өткізу жоспарда бар. Отырыста жол картасының бағыттары бойынша ең өзекті мәселелерді талқылау маңызды. Мәселен, жинақты енгізу, талдау, мемлекеттік органдардан барлық ақпаратты жыл басынан бері сұратып отыру қажет. Сондай-ақ жол картасы аясында қарастырылған денсаулық сақтау, білім беру нысандарына баруды жүзеге асыруды назарға алған жөн», – деді "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов. "Nur Otan" партиясының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттілікті нығайту. "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" атты партияның сайлауалды бағдарламасы – елдің таяудағы 5 жылға арналған даму жоспары. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасы бағытын жалғастырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан міндеттерді қамтиды. 15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Саяси Бюросы отырысында "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша Қоғамдық кеңес төрағаларының құрамы бекітілді. Жол картасының негізіне қаланы дамытудың 13 негізгі басым бағыттары кірді. Бұған қолжетімді тұрғын үй, оқу орындары, медициналық орталықтар салу, газдандыруды жүргізу, тұрғын үй алаптарын, жол-инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ШОБ-ты қолдау секілді барлығы 107 индикатор кіреді.
-->Кездесуге "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сәдуақасов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, қоғам қайраткерлері, ірі бизнесмендер, партия белсенділері және т.б. қатысты. «Біздің алда тұрған үлкен мақсат – сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру. Алдағы таңда алдымызда үлкен шаралар күтіп тұр. Өздеріңізге белгілі, өткен аптада орталық аппаратта республикалық деңгейдегі 14 қоғамдық кеңес құрылды. Сол жиында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 11 кеңестің құрамын бекіттік. Сонымен қатар жетекшілерін сайладық. Ендігі кезекте қай бағытта жұмыс істейтінімізді талқылау қажет. Біріншіден, кеңестің жоспарын бекітуіміз керек. Одан әрі жоспар бойынша сәуір айының соңына дейін алғашқы ұйымдастыру отырысын өткізу жоспарда бар. Отырыста жол картасының бағыттары бойынша ең өзекті мәселелерді талқылау маңызды. Мәселен, жинақты енгізу, талдау, мемлекеттік органдардан барлық ақпаратты жыл басынан бері сұратып отыру қажет. Сондай-ақ жол картасы аясында қарастырылған денсаулық сақтау, білім беру нысандарына баруды жүзеге асыруды назарға алған жөн», – деді "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов. "Nur Otan" партиясының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттілікті нығайту. "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" атты партияның сайлауалды бағдарламасы – елдің таяудағы 5 жылға арналған даму жоспары. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасы бағытын жалғастырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан міндеттерді қамтиды. 15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Саяси Бюросы отырысында "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша Қоғамдық кеңес төрағаларының құрамы бекітілді. Жол картасының негізіне қаланы дамытудың 13 негізгі басым бағыттары кірді. Бұған қолжетімді тұрғын үй, оқу орындары, медициналық орталықтар салу, газдандыруды жүргізу, тұрғын үй алаптарын, жол-инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ШОБ-ты қолдау секілді барлығы 107 индикатор кіреді.