Қазақстандық педагогтар мен шетелдік ғалымдар пандемия кезіндегі білім беру мәселесін талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова бүгінде жаңа технологиялар білім беру қажеттіліктерін өзгертіп жатқанын атап өтті. "Ал болашақ сілкіністер мен белгісіздіктерге қарсы тұру арқылы қалыптасады. Білім беру цифрлық трансформациядан өтеді, ол цифрлық білім беру инфрақұрылымын және цифрлық оқу-әдістемелік материалдарды, цифрлық бағалауды қоса алғанда, құралдар мен сервистерді дамытуды, сондай-ақ оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа модельдерді әзірлеуді және таратуды көздейді, – деді ол. [caption id="attachment_75574" align="alignnone" width="1024"] Фото NIS баспасөз қызметінен[/caption] Өз кезегінде Англияның білім беру саласындағы ең беделді ғалымдардың бірі, балалардың бақыты мен игілігі жөніндегі сарапшы Энди Коуп барлығын революцияға шақырды. "Бірақ бұл радикалды революция емес. Мен сізді Парламентке баруға және өзгерісті талап етуге шақырмаймын. Мен бейбіт революцияға шақырамын, ол – бақыт пен игілік төңкерісі. Революция жасау үшін мен қазіргі білім беру өзгеруді қажет ететінін дәлелдеуім керек", - деді Коуп. Ал «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова мұғалімнің турбуленттік дәуірдегі миссиясы атты өзекті мәселеге қатысты баяндама жасады. "Профессор Харгривстің пікірінше, пандемия ұсынған маңызды сабақтардың бірі – мұғалімдердің өзгерістерге қаншалықты тез бейімделіп, тәжірибесін қайта құра алатындығы. Біз дәстүрлі мектептер бізге әрқашан қажет болатынына, ал мұғалімнің рөлі кез-келген өзгеріске қарамастан ауыспайтынына көз жеткіздік", - деді Испусинова. [caption id="attachment_75575" align="alignnone" width="1024"] Фото NIS баспасөз қызметінен[/caption] Литвадан қосылған белгілі ғалым, Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің сарапшысы Дарюс Радкявичюс жеке тәжірибесімен бөлісіп, Светлана Испусинованың пікірін қолдайтынын жеткізді. "Қашықтан оқыту кезінде оқушы нені жоғалтады? Мұғалімнің сиқырлы беделі: әкенің айтқаны – таласты да даулы, ал мұғалімнің сөзі – бұл шындық. Тікелей қарым-қатынас пен байланысты көзбен алмастыруға болмайды. Оқушы тағы не жоғалтады? Ең бастысы – топтық жұмыс барысындағы жаңаны тану қуанышы, бір-бірін шабыттандыратын энергия, бірлескен саяхаттар мен мерекелер. Мұғалім нені жоғалтады? Бұл esprit – жаныңыздан қуанышқа толы балаларды және олардың жарқыраған көздерін көрген кездегі жан мен ақылдың шынайы резонансы, дидактикалық шабыт", - деді Радкявичюс. Білім беру бағдарламалары орталығының талдау, зерттеу және жобаларды басқару бөлімінің меңгерушісі Самат Кальменов цифрландыру мен постковидтік оқытуды таңқаларлық инновация мен жаңа мүмкіндіктер ретінде талдады. Сонымен қатар ол оқу бағдарламаларын қайта қарастыру кезінде нені ескеру қажеттігін ой елегінен өткізді. Ал Педагогикалық өлшемдер орталығының директоры Айдана Шилибекованың баяндамасы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы – жаңа жағдайдағы бағалау мен оның болашағына арналды. Барлық педагогтер білім берудегі жаңа жағдай туралы кәсіби рефлексияның және әр мектеп үшін пандемия форматындағы басты үрдістерді анықтаудың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті. NIS баспасөз қызметінің мәліметінше, пандемия сабақтары жөніндегі дөңгелек үстел – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған NIS мерейтойлық жобасы аясындағы әлемдік білім берудегі стратегиялық трендтер бойынша дөңгелек үстелдер сериясының алғашқысы.
-->«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова бүгінде жаңа технологиялар білім беру қажеттіліктерін өзгертіп жатқанын атап өтті. "Ал болашақ сілкіністер мен белгісіздіктерге қарсы тұру арқылы қалыптасады. Білім беру цифрлық трансформациядан өтеді, ол цифрлық білім беру инфрақұрылымын және цифрлық оқу-әдістемелік материалдарды, цифрлық бағалауды қоса алғанда, құралдар мен сервистерді дамытуды, сондай-ақ оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа модельдерді әзірлеуді және таратуды көздейді, – деді ол. [caption id="attachment_75574" align="alignnone" width="1024"] Фото NIS баспасөз қызметінен[/caption] Өз кезегінде Англияның білім беру саласындағы ең беделді ғалымдардың бірі, балалардың бақыты мен игілігі жөніндегі сарапшы Энди Коуп барлығын революцияға шақырды. "Бірақ бұл радикалды революция емес. Мен сізді Парламентке баруға және өзгерісті талап етуге шақырмаймын. Мен бейбіт революцияға шақырамын, ол – бақыт пен игілік төңкерісі. Революция жасау үшін мен қазіргі білім беру өзгеруді қажет ететінін дәлелдеуім керек", - деді Коуп. Ал «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова мұғалімнің турбуленттік дәуірдегі миссиясы атты өзекті мәселеге қатысты баяндама жасады. "Профессор Харгривстің пікірінше, пандемия ұсынған маңызды сабақтардың бірі – мұғалімдердің өзгерістерге қаншалықты тез бейімделіп, тәжірибесін қайта құра алатындығы. Біз дәстүрлі мектептер бізге әрқашан қажет болатынына, ал мұғалімнің рөлі кез-келген өзгеріске қарамастан ауыспайтынына көз жеткіздік", - деді Испусинова. [caption id="attachment_75575" align="alignnone" width="1024"] Фото NIS баспасөз қызметінен[/caption] Литвадан қосылған белгілі ғалым, Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің сарапшысы Дарюс Радкявичюс жеке тәжірибесімен бөлісіп, Светлана Испусинованың пікірін қолдайтынын жеткізді. "Қашықтан оқыту кезінде оқушы нені жоғалтады? Мұғалімнің сиқырлы беделі: әкенің айтқаны – таласты да даулы, ал мұғалімнің сөзі – бұл шындық. Тікелей қарым-қатынас пен байланысты көзбен алмастыруға болмайды. Оқушы тағы не жоғалтады? Ең бастысы – топтық жұмыс барысындағы жаңаны тану қуанышы, бір-бірін шабыттандыратын энергия, бірлескен саяхаттар мен мерекелер. Мұғалім нені жоғалтады? Бұл esprit – жаныңыздан қуанышқа толы балаларды және олардың жарқыраған көздерін көрген кездегі жан мен ақылдың шынайы резонансы, дидактикалық шабыт", - деді Радкявичюс. Білім беру бағдарламалары орталығының талдау, зерттеу және жобаларды басқару бөлімінің меңгерушісі Самат Кальменов цифрландыру мен постковидтік оқытуды таңқаларлық инновация мен жаңа мүмкіндіктер ретінде талдады. Сонымен қатар ол оқу бағдарламаларын қайта қарастыру кезінде нені ескеру қажеттігін ой елегінен өткізді. Ал Педагогикалық өлшемдер орталығының директоры Айдана Шилибекованың баяндамасы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы – жаңа жағдайдағы бағалау мен оның болашағына арналды. Барлық педагогтер білім берудегі жаңа жағдай туралы кәсіби рефлексияның және әр мектеп үшін пандемия форматындағы басты үрдістерді анықтаудың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті. NIS баспасөз қызметінің мәліметінше, пандемия сабақтары жөніндегі дөңгелек үстел – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған NIS мерейтойлық жобасы аясындағы әлемдік білім берудегі стратегиялық трендтер бойынша дөңгелек үстелдер сериясының алғашқысы.