Эстонияның экс-президенті Ресей азаматтарының Еуроодаққа шығуына тыйым салуды талап етті
Сонымен қатар ол жазбасына қалдырған пікірінде бұл шараның қарапайым ресейліктер үшін соққы болып тиетінін, бірақ сонда да осы шараны жүзеге асыруды талап етті. «Ресей өзін қалай ұстайды? Ресейліктер Еуропадағы адамдарды улайды, өлтіреді», - деді ол. Тоомас Хендрик Ильвес қазіргі таңда Тарту университетінің цифрлық ғасыр демократиясы бағытындағы профессор. Айта кетсек, бұған дейін Эстонияның Сыртқы істер министрі Эва-Мария Лииметс «Интерфакс» тілшісіне берген сұхбатында Эстония мен Ресей қандай жағдайда да мәмілеге келуі керек екенін айтқан болатын. «Эстония мен Ресей – көршілер. Біздің арамызда күнделікті шекаралық, мәдени сияқты және басқа да байланыс жасалып тұрады», - деді ол.
--> «Ресейден кез келген сапарға уақытша тыйым салу керек. Қырымға басқыншылық жасағанға дейін олар Еуроодаққа визасыз режимді талап етті. Оларға (ресейліктерге) тек отбасылық төтенше жағдайлардан басқа визалардың барлығын тоқтату керек. Еуропаның қауіпсіздігін ойлау қажет. Жетер», - деп жазды Ильвес өзінің Twitter парақшасында.Сонымен қатар ол жазбасына қалдырған пікірінде бұл шараның қарапайым ресейліктер үшін соққы болып тиетінін, бірақ сонда да осы шараны жүзеге асыруды талап етті. «Ресей өзін қалай ұстайды? Ресейліктер Еуропадағы адамдарды улайды, өлтіреді», - деді ол. Тоомас Хендрик Ильвес қазіргі таңда Тарту университетінің цифрлық ғасыр демократиясы бағытындағы профессор. Айта кетсек, бұған дейін Эстонияның Сыртқы істер министрі Эва-Мария Лииметс «Интерфакс» тілшісіне берген сұхбатында Эстония мен Ресей қандай жағдайда да мәмілеге келуі керек екенін айтқан болатын. «Эстония мен Ресей – көршілер. Біздің арамызда күнделікті шекаралық, мәдени сияқты және басқа да байланыс жасалып тұрады», - деді ол.