Елорда жаңалықтары

Білім саласына баса назар аударылуы мұғалім мерейі мен мәртебесін еселеудегі игі қадам — ғалым

Филология ғылымдарының докторы, алаштанушы Сағымбай Жұмағұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қозғалған ұстаздар мәртебесі жайлы тапсырмасы көңіл марқайтатынын айрықша атап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында мемлекеттік дамудың маңызды мәселелері қамтылып отыр. Қоғамның рухани кемелденуінде, әлеуметтің жаңа сапалық өреге көтерілуінде білімнің алар орны ерекше. Кезінде Әлихан Бөкейхан «Оқытушының тұрмысын оңдау – оқу жұмысын оңдау» десе, Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адамдар мұғалiмдер...»  деген болатын. Сондықтан да ұстаздар қауымын әлеуметтік қолдау мейлінше өзекті. Қазіргідей күрделі жағдайда ұстаздар мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Жолдауында білім саласына баса назар аударылуы мұғалім мерейі мен мәртебесін еселеудегі игі қадам деп білеміз. Мұғалімдер жалақысын 25 пайызға көбейту туралы шешімнің қабылдануы көңіл марқайтады.

Қазақ қоғамында ұстаздың беделі қашанда асқарлы болған. Сол бір өміршең дәстүр үнемі жаңарып, жаңғырып отыруы қажет. Саналы ұрпақ, білімді өскін тірбиелеуде жанкешті еңбек етіп жүрген ұстаздар қандай да болсын құрметке лайық. Демек, Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай, «Мұғалім – мектептің жаны. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай, мектебі қандай болса, мұғалімі сондай». Лайым, Қазақ Елі мұғалімдерінің мерейі асқақтай берсін!» — дейді С.Жұмағұл.

-->