Елорда жаңалықтары

Гүлжанат Абдраманова: Мектептің білім берудегі мақсаттарының бірі – функционалдық сауаттылықты дамыту

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болатыны рас. Елімізде қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің қандай жағдайына да бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Жақында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ел мұғалімдерімен бірлесіп, осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді? Жаңартылған білім реформасы осы мүмкіндіктерді қамти алды ма деген сауал төңіргенде пікірталас ұйымдастырды. Осы орайда Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қалалық №67 гимназия директоры Абдраманова Гүлжанат Асанқызымен болған сұхбатты ұсынады.

- Гүлжанат Асанқызы, жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беріп келесіздер, қандай артықшылығын немесе кемшілігін айтар едіңіз?

- Білім беру жүйесіндегі өзгерістің басты ерекшелігі - жаңартылған білім беру  мазмұнында оқу бағдарламалары, оқу жоспары, бағалау жүйесіне арналған негізгі  құжаттар жасалды. Оқу бағдарламасына сәйкес оқулықтар жасалып, шығарылды және мектеп тәжірибесінде қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта жаңартылған білім беру мазмұнына барлық сыныптар көшті. Алдағы 2020-2021 оқу жылында 11 сыныптарда  осы жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтармен оқып, білім алады. Әрине, қандай эксперименттің болмасын тәжірибе кезеңінде мықты және әлсіз тұстары  анықталып, жақсарту үшін қайта түзетулер енгізіліп өңделіп отырады. Сондықтан  оқулықтар мазмұны әлі де сыналып келеді. Қазірдің өзінде бұл мәселе қоғамның жіті назарында. Дегенмен, әлемдегі өзгеріс бір бағытта ғана болмайтынын ескерсек, білім  беру жүйесіндегі бұл өзгеріс дәл уақытында жүріп жатқан, дер кезінде қолға алынған дер едім. Мектептің білім берудегі негізгі мақсаттарының бірі - функционалдық сауаттылықты дамыту, бұл орайда оқушыларымыз құндылыққа негізделген білімді  меңгеру керек, білімін өмірде қолдануды үйрену маңызды екенін түсінуі керек. Қазір білімге тереңірек көңіл бөліп, болашаққа айқын қарайтын кезең. Сондықтан жаңа білім беру мазмұны аясындағы оқу бағдарламаларының да негізгі талабы құндылыққа негізделген біліммен қаруландыру. - Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдер өз шеберліктерін көрсете алып жатыр ма? - Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы тағы бір ерекшелік – критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл да әрбір оқушының оқудағы жетістігін бағалау үшін үлкен  мүмкіндікті көрсетеді. Бұрын оқушы білімі күнделікті сабақта «5», «4», «3» бағамен бағаланса, қазір оқушы өз білімін дамыту, жетілдіру, алға ілгерлету үшін қалыпстастырушы бағалау арқылы кері байланыс алады. Мұның маңыздылығы оқушы сабақта өзінің біліміне өзі жауаптылықпен қарап, оқуын жақсартуға еркін жұмыс  жасайды. Қорқыныш, сенімсіздік азаяды. Қазір мектеп мұғалімдері бұл жүйені толықтай меңгерді, барынша жиынтық бағалауға дейін оқушының дамуына қолайлы ортасын жасап, қажетті қолдауын жасап отырады. Жиынтық бағалау жақсылап дайындалған  оқушы ешбір кедергісіз өз білімін көрсете алады. Мұғалімдер қазіргі уақытта оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынып, ата-аналар да сол балаға берілетін кері  байланысты асыға күтеді. Әрине, барлық сапалы жұмыстың нәтижесі еңбекпен келеді, сондықтан мұғалімдер кәсіби шеберліктерін шыңдап, курстардан өтіп, біліктіліктерін арттырып, үнемі кәсіби дамуды үздіксіз іздену үстінде. Мектепте  әріптестерге кәсіби қолдау көрсету мектеп тренерлері, коучтар, тәлімгерлер жоспарлы жұмысын жасайды. - Білім жетілдіру курстары немесе жаңа мазмұндағы бағдарлама бойынша оқу ұстаздарға тиімді болды ма? - Ахмет атамыздың «Қоғамда  өзгерісті қаласаң, ол үшін  өзіңнен баста» дегені өте дұрыс айтылған пікір. Неге десеңіз, қазір кез келген мұғалім ғана емес, қоғамның өзі де өзгеріссіз қалу қауіпті екенін түсінді. Ақпарат толқыны жылдам өзгеруде, көз ілеспес жайттар, жаңалықтар шығып жатыр. Бұлардың барлығына төтеп беру үшін білім мен ғылымды терең меңгеру керек, үйрену керек. Мектептегі өзгерісті жасайтын басты тұлға - ол мұғалім. Ы.Алтынсарин атамыз «Мұғалім - мектептің жаны» десе, Ж.Аймауытов «Сабақ беру жай үйреншікті әдіс емес, ол жаңадан жаңаны тудыру» деген екен. Ендеше мұғалімнің үздіксіз дамуы, сапалы білімнің кілті секілді. Тәжірибесін үнемі жаңартып, дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мұғалімдер  жаңартылған білім беру мазмұнында пән бойынша курстардан өтіп, білімдерін тәжірибеге қолданып жатыр. Әрине, алған білімді қолдану кезінде қиындықтар да кездеседі, оқыған курстағы білімдері даму үшін тәжірибе де көмекші болады, сондықтан да мұғалім оқытуда сапалы білім беру үшін ең тиімді тәсілді жасай алады. - Жаңартылған білім беру аясында инновациялық қадамдар қажет дейді. Көп  эксперименттер жасалынып жатқан жоқ па? - Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы курстардан мектеп мұғалімдері оқытудың белсенді тәсілдерімен қатар қалай оқу керек, қалай оқыту керек деген сұрақтардың әдістерін меңгеріп келді. Бұл - өте қажетті әдістеме. Оқушыны сыни  ойлауға, тілдік дағдыларды тереңірек меңгеруге үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай  қалай оқу керектігін үйлестіру, оқу жетістігіне қарай дамуға қолдау көрсету, оқушының өзіндік ізденісіне, танымдық біліміне достарының, өзінің, мұғалімнің кері байланыс  жасап, ілгерлеуге мүмкіндік жасауы – оқу мен оқытуды жақсартудың ең тиімді жолы  десек болады. Сондықтан бұл жерде әрбір жасалған қадамның түбінде тереңдетілген  білім беру қағдидаты қарастырылған. Оқушының өз біліміне деген құрмет, жауаптылық, сенімділік, жасампаздық жатыр емес пе, ендеше құндылыққа негізделген білім дегеніміз осы. Кез келген сапалы жұмыс белсенді эксперименттің, сараланған стратегиялардың, зерттеуге негізделген тәжірибенің нәтижесінде шығады. - Әңгімеңізге рақмет! Еңбектеріңізге табыс тілеймін!

                                      Сұхбаттасқан Гүлжан Абайқызы

-->