Елорда жаңалықтары

Елордалық волонтерлер екпенің маңызы жөніндегі буклет таратты

Осылайша волонтерлер жұртшылықты вакцинациядан өтіп, пандемияны бірлесе тоқтатуға шақырды. «Волонтерлер «Хан Шатыр», «Керуен», «Keruen City», «Сарыарқа» ойын-сауық орталықтары мен «Астаналық» базарында ақпараттық буклеттер таратып жатыр. Осы арқылы халықты екпе жайлы көбірек сауаттандырып, вакцина салдыруға ынталандырғымыз келді. Вакциналаудан өте отырып біз тек өзімізді емес, отбасымызды, жақындарымызды және айналадағы адамдарды да коронавирустан қорғауға көмектесеміз», – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. «Астана жастар» жастар ресурстық орталығының және қалалық волонтерлер штабының волонтері Арайлым Сапарәлінің айтуынша, алдағы уақытта да қоғамдық жерлерде ақпараттық буклет тарату жалғасады. Бұл шараға кез келген тұрғын волонтер ретінде атсалыса алады.   Ботагөз Икрамова

-->