Мәңгілік тіршілік иесі болуы мүмкін бе – адам ғұмырынан ұзақ жасайтын 5 хайуанат
Гренландия акуласы 500 жылға дейін өмір сүруге қауқарлы. Мұндай ерекше жаратылыс иесін 2019 жылы Гренландияда анықтаған. Бұл акулалар суықта, тас қараңғыда тіршілік етеді. Олардың бәсекелестері жоқ көрінеді.
Гренландиялық акулалардың ағзалары, соның ішінде бұлшық еттері де баяу жұмыс істейді екен. Сондықтан да олар ұзақ тіршілік жасайды. Ал олардың жүзу жылдамдығы сағатына – 2,7 км. Мұндай акулалардың ұрық алмасу уақыты тек 150 жылдан кейін ғана мүмкін болатынын айтады ғалымдар.
Алып сейшель тасбақасы
Бауырымен жорғалаушылар арасындағы рекордшылар – сейшел тасбақалары. Бастапқыда бұл тасбақалар тек Альдабра архипелагында тіршілік еткен. Бірақ кейінірек олар басқа аралдарға да жеткізілді.
Үлкен тасбақалардың орташа жасы – 150 жыл. Бірақ 200-250 жылға дейін жасайтындары да кездеседі. Жасуша бөлінгеннен кейін теломер молекуласының соңғы бөліктерінің қысқаруына жол бермейтін биологиялық механизмдерінің арқасында ұзақ жасайтын көрінеді.
Тасбақалардың ұзақ уақыт тіршілік ете алуының тағы бір себебі олар суық, сондықтан дене температурасын ұстап тұру үшін энергияны жұмсайды. Бұл жүрекке жүктемені едәуір азайтады, осылайша оның қартаюына жол бермейді.
Гренландиялық кит
Иә, Гренландия әлемге жүзжылдықтармен әйгілі. Мұнда тіршілік ететін киттер де өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатқан. Balaena mysticetus түрлерінің саны 1,5-3 мыңды құрайды. Олар Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.
Гренландия киттерінің табиғи жаулары жоқ және жайбарақат тіршілік етеді. Олар екі ғасырдан аса уақыт тіршілік ете алады. Олардың ағзасының көптеген ауруды, соның ішінде қатерлі ісікті де баса алатын қабілеті бар деседі.
Қызыл теңіз кірпілері
Бұлар – жер бетіндегі көне тіршілік иелерінің бірі. Олар палеозой дәуірінде де болыпты. Бұл хйуанаттар өмір бойы дамып, өсе алады. Сол себепті де олардың сыртқы бейнесінде қартаю белгісі көрінбейді.
Қызыл теңіз кірпілері 200 жыл тіршілік етеді. Егер табиғи жаулары болмаса, олар бұдан да ұзақ жасауға мүмкіндігі бар.
Өлмейтін медуза
Сіз де мәңгі тіршілік ету мүмкін емес деп ойлайсыз ба? Бірақ Turritopsis dohrnii медузасы мұны растай алады. Бұл – шексіз тіршілік жасай алатын медузаның жалғыз түрі. Алдымен бұл хайуанаттар тек Кариб теңізінде тіршілік етсе, бүгінде оларды тропикалық және қалыпты полюстердің барлық теңіздерінде кездестіруге болады.
Басқаларынан айырмашылығы Turritopsis dohrnii бастапқы күйіне қайта оралуы мүмкін. Қоршаған ортасы нашарлаған кезде бұл медузалар өсуін тоқтатып, артынша жасушалары қайтадан өсіп шығады. Бұл кезде медуза жаңа пайда болған кезіне оралып, қайтадан даму процесін жалғастырады.