6G байланыс стандартының іске қосылатын уақыты белгілі болды
Бірақ 6G-дің қызметі әзірге белгісіз көрінеді. Дегенмен Чжицзюнь қазіргі уақытта Huawei осы бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, жақында ресми құжатты жарыққа шығарып, 6G-дің қызметі туралы дүниежүзі тұрғындары хабардар болатынын айтты. «6G шамамен 2030 жылдары пайда болады. Бірақ 6G не екенін қазір өзім де білмеймін. Дегенмен осы саладағы мамандар 2030 жылдары 4G және 5G сияқты 6G-іске қосуға үмітті», - деді ол. Оның болжамынша, бұл байланыс стандарты 2030 жылдан сәл кейіндеу шығуы да мүмкін. Дегенмен қазіргі уақытта компания осы бағыт бойынша зерттеу жүргізіп жатқанын айтады сарапшы. Сюй Чжицзюнь жақында Huawei жаңа стандарттың техникалық құжаты мен жоба болашағының талдауын жариялайтынына уәде берді. Аталған компанияның ғылыми бөлімінің маманы доктор Чжу Пейиннің пікірінше, 10 жылдан кейін жасанды интеллект адамдардың цифрлық өмірінде айрықша орын алып, ол орталықтандырылған емес, бөлшектендірілген болады. Huawei топ-менеджерлері 6G-ға көшу біртіндеп жүзеге асырылатынын, сондықтан ғайыптан бірдеңе күтудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Статистикалық мәліметке сүйенсек, қытайлықтардың басым көпшілігі әлі де 4G желісін қолданады. Ал 5G желісіне қосылған Қытайдың үш ірі операторының абоненттер саны 300 миллионды құрайды. Сарапшылардың сөзінше, байланыстың алтыншы желісінің арқасында интернет жылдамдығы артып, сигналдың баялағаны азайып, цифрлық әлемді біріктіру мүмкіндігі көбірек болады.
-->Бірақ 6G-дің қызметі әзірге белгісіз көрінеді. Дегенмен Чжицзюнь қазіргі уақытта Huawei осы бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, жақында ресми құжатты жарыққа шығарып, 6G-дің қызметі туралы дүниежүзі тұрғындары хабардар болатынын айтты. «6G шамамен 2030 жылдары пайда болады. Бірақ 6G не екенін қазір өзім де білмеймін. Дегенмен осы саладағы мамандар 2030 жылдары 4G және 5G сияқты 6G-іске қосуға үмітті», - деді ол. Оның болжамынша, бұл байланыс стандарты 2030 жылдан сәл кейіндеу шығуы да мүмкін. Дегенмен қазіргі уақытта компания осы бағыт бойынша зерттеу жүргізіп жатқанын айтады сарапшы. Сюй Чжицзюнь жақында Huawei жаңа стандарттың техникалық құжаты мен жоба болашағының талдауын жариялайтынына уәде берді. Аталған компанияның ғылыми бөлімінің маманы доктор Чжу Пейиннің пікірінше, 10 жылдан кейін жасанды интеллект адамдардың цифрлық өмірінде айрықша орын алып, ол орталықтандырылған емес, бөлшектендірілген болады. Huawei топ-менеджерлері 6G-ға көшу біртіндеп жүзеге асырылатынын, сондықтан ғайыптан бірдеңе күтудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Статистикалық мәліметке сүйенсек, қытайлықтардың басым көпшілігі әлі де 4G желісін қолданады. Ал 5G желісіне қосылған Қытайдың үш ірі операторының абоненттер саны 300 миллионды құрайды. Сарапшылардың сөзінше, байланыстың алтыншы желісінің арқасында интернет жылдамдығы артып, сигналдың баялағаны азайып, цифрлық әлемді біріктіру мүмкіндігі көбірек болады.