Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына өтті
Қазақстандық жұп ширек финалда чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен шеберлік байқасты. А.Недовесов бұдан бұрын Сплиттегі дәл осындай челленджер жарысының жартылай финалында қарсыластарын тізе бүктірген болатын. Матч бұл жолы да тартысты өрбіді. Бірінші партияда чехиялық жұп басымдылық көрсетті – 6:3. Екінші сетте қазақстандықтар дәл осындай есеппен қарымта қайыра білді. Тай-брейкте Недовесов пен Голубев жеңіске жетті – 10:8. Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды. Қазақстандық жұп финалға шығу үшін Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен таласады. Қазақстандықтар бұдан бұрын Сплитте осы жұппен финалда кездесіп, жеңіске жеткен болатын.
-->Қазақстандық жұп ширек финалда чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен шеберлік байқасты. А.Недовесов бұдан бұрын Сплиттегі дәл осындай челленджер жарысының жартылай финалында қарсыластарын тізе бүктірген болатын. Матч бұл жолы да тартысты өрбіді. Бірінші партияда чехиялық жұп басымдылық көрсетті – 6:3. Екінші сетте қазақстандықтар дәл осындай есеппен қарымта қайыра білді. Тай-брейкте Недовесов пен Голубев жеңіске жетті – 10:8. Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды. Қазақстандық жұп финалға шығу үшін Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен таласады. Қазақстандықтар бұдан бұрын Сплитте осы жұппен финалда кездесіп, жеңіске жеткен болатын.