Илон Масктың бизнес жүргізудегі ережелері
Дереккөз: The Joe Rogan Experience «Шабыт пен жарқын болашақтың болуы маңызды. Сіз таңертең тұрып, өмір сүргіңіз келетіндей себеп болуы керек. Егер болашақтағы өмірім жұлдыздардың ортасында, түрлі планеталарда болмаса, мен үшін бұл – бұлыңғыр болашақ». Дереккөз: TED, 2017 «Қиын мәселелерді шешу үшін көптеген адамды жалдау – қателік. Саны көп болса да, олар ешқашан дұрыс шешім қабылдай білетін шын талантты алмастыра алмайды (ештеңе білмейтін екі адамның бір адамнан еш айырмашылығы жоқ). Бұл тек процессті созып, мәселенің қымбатқа шығуына әкеп соқтырады». Дереккөз: hobbyspace (2003) «Бизнестің басталуы мен дамуы – өнім мен оны сатқаннан гөрі инновация, драйв және адамдардың шешімділігі». Дереккөз: INC «Егер сіз компания негізін қалаушылардың бірі болсаңыз, сіз кез келген жұмысты орындауыңыз керек, тіпті оған көңіліңіз соқпаса да. Ал егер сіз өз міндеттеріңізді орындамасаңыз, компания табысты болмайды. Тым қара жұмыс деген болмайды». Дереккөз: INC «Компания – ол өнім немесе қызметті құруды ұйымдастырушылар тобы. Және ол сол жердегі өз істерін қызығушылықпен атқаратын адамдармен ғана мықты болады». Дереккөз: INC «Стартап жасау – әйнек шайнап, тұңғиыққа үңілу. Уақт өте келе, сіз тұңғиыққа үңілуді қоясыз, бірақ әйнек шайнауды ешқашан қоймайсыз». Дереккөз: Forbes «Қайта-қайта тырысу арқылы мен көп нәрсеге қолжеткізуді үйренуге тырыстым». Дереккөз: hobbyspace (2003) «Адамдар технологияны жыл сайын автоматты түрде жақсарып келеді деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Олар тек ақылды адамдар сол бойынша жынды кісі сияқты жұмыс істегенде ғана жақсарады». Дереккөз: Code Conference 2016 «Қаржыға, конференцияға, PowerPoint-қа аз уақыт бөліңіз де, өніміңіз анағұрлым жақсы болуы үшін әрекетке көп уақыт бөліңіз». Дереккөз: The Wall Street Journal’s CEO Council annual summit, 2020 «Егер сіз енді ғана компания құрып жатсаңыз, барлық ресурсыңызды тек соған ғана салуыңыз керек. Егер олай етпесеңіз, табысыңыздың мүмкіндігі төмендейді. Бір уақытта екі компания құруға тырыспаңыздар. Басында мен де Tesla-ны құруға тырысқан жоқпын. Бірақ маған соңында оны жасауыма тура келді. Бар ынтаңызды, уақытыңызды тек бір компанияға ғана жұмсаңыз. Аптасына жеті күн үзіліссіз, ұйқысыз жұмыс істеңіз». Дереккөз: Elon Musk And Richard Branson Give Their Best Advice To Entrepreneurs / Business Insider «Сіз өз ісіңізге өте қатаң тәртіппен қарауыңыз керек. Одан кез келген қатені тауып, түзетуге тиіссіз. Жағымсыз пікірді әсіресе өзіңіздің достарыңыздан іздеңіз». Дереккөз: Elon Musk And Richard Branson Give Their Best Advice To Entrepreneurs / Business Insider «Мен заттарға бизнеске мүмкіндік ретінде қарамаймын. Егер маған инвестицияны қайтарып алатын түрлі индустрияға рейтинг жасау туралы өтініш түссе, зымыран құрылысы мен автомобильдерді тізімнің соңғы жағына қарай қояр едім. АҚШ-та бар болғаны екі-ақ автоөндіруші банкрот болған жоқ. Мен SpaceX пен Tesla жұмысын бастағанымда жаңағы өндірушілердің мүмкінндігін шамамен 10 пайызға ғана бағалағанмын». Дереккөз: SXSW, 2018 «Мен болашаққа болжаммен қараймын. Біздің әрекетіміз бұл болжамдардың бірін жеделдетуге, тағы бірін баяулатуға әсер ете алады». Дереккөз: TED, 2017 «Менің өмірімдегі ең ауыр таңдау 2008 жылы жасалды. 30-40 млн доллар қаржым қалған. Осы бар қаражатымды бір компанияға салу таңдауы тұрды. Бірақ олай жасасам, екінші кепілдендірілген компаниям жабылады. Ал егер ақшаны екі жаққа бөліп салсам, екеуі де жабылып қалуы мүмкін болды. Бір нәрсені құруға табан ет, маңдай теріңізді төксеңіз, оған балаңыздай қараңыз. Маған сол кезде екі баламның бірін аштан аман қалу таңдауы тұрғандай көрінді. Бұл таңдау оңайға соқпады». Дереккөз: SXSW, 2018 «Менің қаржымның жартысына жуығы Жер шарындағы мәселелерді шешуге, ал жартысы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруін қамтамасыз ету үшін Марста қала салуға арналған. Егер динозаврларды жойып жіберген метеорит жерге құласа немесе үшінші дүниежүзілік соғыс басталса, біз өз-өзімізді құртып жібереміз». Дереккөз: Маск твиттері
--> «Маған ештеңе істемей түзу жүргеннен гөрі бірдеңе жасап, қателескен ұнайды».Дереккөз: The Joe Rogan Experience «Шабыт пен жарқын болашақтың болуы маңызды. Сіз таңертең тұрып, өмір сүргіңіз келетіндей себеп болуы керек. Егер болашақтағы өмірім жұлдыздардың ортасында, түрлі планеталарда болмаса, мен үшін бұл – бұлыңғыр болашақ». Дереккөз: TED, 2017 «Қиын мәселелерді шешу үшін көптеген адамды жалдау – қателік. Саны көп болса да, олар ешқашан дұрыс шешім қабылдай білетін шын талантты алмастыра алмайды (ештеңе білмейтін екі адамның бір адамнан еш айырмашылығы жоқ). Бұл тек процессті созып, мәселенің қымбатқа шығуына әкеп соқтырады». Дереккөз: hobbyspace (2003) «Бизнестің басталуы мен дамуы – өнім мен оны сатқаннан гөрі инновация, драйв және адамдардың шешімділігі». Дереккөз: INC «Егер сіз компания негізін қалаушылардың бірі болсаңыз, сіз кез келген жұмысты орындауыңыз керек, тіпті оған көңіліңіз соқпаса да. Ал егер сіз өз міндеттеріңізді орындамасаңыз, компания табысты болмайды. Тым қара жұмыс деген болмайды». Дереккөз: INC «Компания – ол өнім немесе қызметті құруды ұйымдастырушылар тобы. Және ол сол жердегі өз істерін қызығушылықпен атқаратын адамдармен ғана мықты болады». Дереккөз: INC «Стартап жасау – әйнек шайнап, тұңғиыққа үңілу. Уақт өте келе, сіз тұңғиыққа үңілуді қоясыз, бірақ әйнек шайнауды ешқашан қоймайсыз». Дереккөз: Forbes «Қайта-қайта тырысу арқылы мен көп нәрсеге қолжеткізуді үйренуге тырыстым». Дереккөз: hobbyspace (2003) «Адамдар технологияны жыл сайын автоматты түрде жақсарып келеді деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Олар тек ақылды адамдар сол бойынша жынды кісі сияқты жұмыс істегенде ғана жақсарады». Дереккөз: Code Conference 2016 «Қаржыға, конференцияға, PowerPoint-қа аз уақыт бөліңіз де, өніміңіз анағұрлым жақсы болуы үшін әрекетке көп уақыт бөліңіз». Дереккөз: The Wall Street Journal’s CEO Council annual summit, 2020 «Егер сіз енді ғана компания құрып жатсаңыз, барлық ресурсыңызды тек соған ғана салуыңыз керек. Егер олай етпесеңіз, табысыңыздың мүмкіндігі төмендейді. Бір уақытта екі компания құруға тырыспаңыздар. Басында мен де Tesla-ны құруға тырысқан жоқпын. Бірақ маған соңында оны жасауыма тура келді. Бар ынтаңызды, уақытыңызды тек бір компанияға ғана жұмсаңыз. Аптасына жеті күн үзіліссіз, ұйқысыз жұмыс істеңіз». Дереккөз: Elon Musk And Richard Branson Give Their Best Advice To Entrepreneurs / Business Insider «Сіз өз ісіңізге өте қатаң тәртіппен қарауыңыз керек. Одан кез келген қатені тауып, түзетуге тиіссіз. Жағымсыз пікірді әсіресе өзіңіздің достарыңыздан іздеңіз». Дереккөз: Elon Musk And Richard Branson Give Their Best Advice To Entrepreneurs / Business Insider «Мен заттарға бизнеске мүмкіндік ретінде қарамаймын. Егер маған инвестицияны қайтарып алатын түрлі индустрияға рейтинг жасау туралы өтініш түссе, зымыран құрылысы мен автомобильдерді тізімнің соңғы жағына қарай қояр едім. АҚШ-та бар болғаны екі-ақ автоөндіруші банкрот болған жоқ. Мен SpaceX пен Tesla жұмысын бастағанымда жаңағы өндірушілердің мүмкінндігін шамамен 10 пайызға ғана бағалағанмын». Дереккөз: SXSW, 2018 «Мен болашаққа болжаммен қараймын. Біздің әрекетіміз бұл болжамдардың бірін жеделдетуге, тағы бірін баяулатуға әсер ете алады». Дереккөз: TED, 2017 «Менің өмірімдегі ең ауыр таңдау 2008 жылы жасалды. 30-40 млн доллар қаржым қалған. Осы бар қаражатымды бір компанияға салу таңдауы тұрды. Бірақ олай жасасам, екінші кепілдендірілген компаниям жабылады. Ал егер ақшаны екі жаққа бөліп салсам, екеуі де жабылып қалуы мүмкін болды. Бір нәрсені құруға табан ет, маңдай теріңізді төксеңіз, оған балаңыздай қараңыз. Маған сол кезде екі баламның бірін аштан аман қалу таңдауы тұрғандай көрінді. Бұл таңдау оңайға соқпады». Дереккөз: SXSW, 2018 «Менің қаржымның жартысына жуығы Жер шарындағы мәселелерді шешуге, ал жартысы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруін қамтамасыз ету үшін Марста қала салуға арналған. Егер динозаврларды жойып жіберген метеорит жерге құласа немесе үшінші дүниежүзілік соғыс басталса, біз өз-өзімізді құртып жібереміз». Дереккөз: Маск твиттері