Елорда жаңалықтары

Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық жұп бұдан бір апта бұрын Сплиттегі осындай бірінші жарыста жеңімпаз атанған болатын. Бұл жолы доданың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен А.Голубев бастапқы кездесуін корт иелері Борна Гойо – Нино Сердарушичпен өткізді. Бірінші партияда тай-брейкте хорватиялық жұптың жолы болды – 7:6 (8:6). Екінші сетте қазақстандықтар әбжілдік танытты – 7:6 (7:4). Шешуші тай-брейкте А.Недовесов пен А.Голубев жеңісті жұлып алды – 10:7. Тартысты бәсеке 2 сағат 9 минутқа созылды. Қазақстандық жұп жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен таласады. Недовесов пен Голубев Сплиттегі бірінші турнирдің жартылай финалында чехиялық жұпты тартысты кездесуде жеңген болатын.

-->