Елорда жаңалықтары

Сарапшылар Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс туралы айтты

ИМЭП мәліметінше, Украинаның шығысындағы жағдай аса өзгермеуі мүмкін. Дегенмен соңғы күндері шиеленіс біраз бәсеңдегенмен, қақтығыстың қаупі әлі сейілген жоқ. «Бұл өңірде көптеген әскери техникалар мен әскерилер топтастырылған. Донбасс аумағындағы атыс, отпен арандату әрекеттері әлі де жалғасып жатыр. Мұның бәрі ауқымды әскери әрекеттің басталуына себеп болып, қақтығысты күшейте түсуі мүмкін», - деді Жұмабек Сарабеков. Саясаттанушының пікірінше, Мәскеу мен Киев әзірге бір-біріне қыр көрсетіп отыр. Алайда қос тарап тр ауқымды түрде соғысуға құлықсыз. «Ресей үшін жаңа соғыс радикалдық санциялар мкн оқшаулану қаупін туғызады. Бұл Мәскеудің "Северный поток-2" стратегиялық жобасына нүкте қояды. Сол сияқты Украина үшін де Ресеймен болатын әскери қақтығыстар үлкен тәуекел жүктейді. Соңғы жылдары Украина Қарулы күштері тактикалық-техникалық мүмкіндіктерін жаңартып, әскери мол тәжірибе жинағанына қарамастан, Ресеймен ауқымды қақтығыс жасау Киевтің пайдасына шешіледі деп айту қиын», - деді сарапшы. Оның сөзінше, екі тарап та барынша қатаң ұстанымдарын өзгертпей отыр. Ал ресейлік сарапшылар санкциялар Мәскеу үшін тиімсіз фактор бола алмайды деген пікірде. Жұмабек Сарабеков АҚШ-тың жаңа президенттік әкімшілігі Ресейдің әрекетін зерттейді. Бұған ол АҚШ президенті Джо Байденнің Мэтью Рожанскиді Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей бойынша директоры етіп тағайындауын мысалға келтірді. «Рожански Мәскеумен диалогқа келу және Ресейдің стратегиялық бағытын зерттеуімен белгілі. Қазір ол Вудро Вильсона атындағы халықаралық ғылыми орталық жанындағы Кеннан иниститутына басшылық жасайды және Ресеймен қоса, жалпы посткеңестік елдердің саясатын жақсы біледі. 2018 жылы ол Қазақстандағы «Астана клубының» отырысына қатысқан болатын», - деді Ж.Сарабеков. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ресейдің Украинаның шығыс жағындағы шекара маңына әскер жіберуіне Еуроодақ пен НАТО-ның қандай көзқараста екендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

-->