Елорда жаңалықтары

Назарбаев университетінің студенті роботехника бойынша онлайн курсты тегін өткізеді⠀

Курс «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының онлайн-мектебі базасында өтеді.⠀ «Кішкентай кезімнен бастап мені құрастыру идеясы қызықтырды. Сондықтан Назарбаев зияткерлік мектебінің қабырғасында робототехника үйірмесіне жазылдым. Біздің жобаларымыз халықаралық аренада, Дүниежүзілік WRO роботтар олимпиадасында ұсынылады деп тіпті елестете алмадым. Жеңістер аз болған жоқ, енді мен робототехниканы оқығысы келетіндердің барлығына көмектесу үшін жаңа мақсат қойып отырмын», – деді Даниил.  [caption id="attachment_74761" align="alignnone" width="1024"] Фото NIS баспасөз қызметінен[/caption] Айта кетсек, Даниил Филимонов – World Robot Olympiad 2019 халықаралық кезеңінде «Open Senior» санатында үшінші орын, сондай-ақ робототехника бойынша республикалық олимпиаданың алтын медальдарының (2018, 2019), ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық жарыстың бірінші дәрежелі дипломының (2019), «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» кездесулерінің екінші дәрежелі дипломының (2019) иегері, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі. Бұл курсқа ол өз тобымен бірге робототехника бойынша 10-нан аса тегін онлайн курсын, 25 сағаттық сабақтарын, 6 вебинарын әзірлеп, сондай-ақ Корнелл және Мичиган университеттерінің жүздеген қосымша материалын дайындаған. Оның айтуынша, оқыту кез келген дайындық деңгейі бар қатысушыларға арналған. Робототехника негіздерінен бастап нейрондық желілерге дейін құралдармен жұмыс істеу үшін, тіпті оқытушыларға арналған материалдарды да қамтиды. Сондай-ақ платформада прогрессті бақылауға арналған үй тапсырмалары мен тесттер бар. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде де қолжетімді. Курс химия пәнінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, бүгінде Массачусетс технологиялық институтының Химия және биология факультетінің студенті Антон Моргунов негізін қалаған «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған. Жалпы, Beyond Curriculum – математика, физика, химия, биология, география пәндерінен тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім беру платформасы.⠀ «Біздің команда «Beyond Robotics» тегін жобасының көмегімен робототехникаға қосылғысы келетіндердің барлығына мүмкіндік беруді көздейді. Қазіргі уақытта 100-ден аса оқушы білім алып жатыр. «Beyond Robotics» бойынша оқуды бастау үшін онлайн-мектепте тіркелу жеткілікті және сілтемеге өтіп, каталогтан Робототехника  курсын қосу қажет», – дейді Д.Филимонов. 

-->