Елорда жаңалықтары

Конституция. Ата Заңымыздың өзгеру кезеңі мен қабылдану жолы

Еліміз егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болғалы 30 жылдың жүзі болып қалды. Тәуелсіздіктің елең-алаң жылдары мемлекетіміз жылдам арада өз Конституциясын қабылдағаны талайларды таңыртқаны рас. Арасында азуын айға білеген державалар да болды. Осылайша Қазақстан өзінің бейбіт, демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Ата Заңы арқылы бүкіл әлемге танытты. Бүгін ел Конституциясының қабылданғанына тұп-тура 25 жыл толып отыр. Осыған орай Елорда Инфо тілшісі бүгінге дейін Ата Заңымызға қандай өзгертулер енгізілгені жайлы шолу жасап шықты.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылында қолданылған заң

Кеңес билігі ыдырай бастаған тұста Қазақстан өзге одақтастардың арасында тәуелсіздігін соңғы болып жариялағаны бәрімізге белгілі. Ел ішінде өндіріс атаулының бәрі жабылып, жұрттың табысы тоқтаған шақ. Жұрт арасында сотқарлар пайда болып, заңсыз күн көруге көшкен кез еді. Әлі жеткендердің әлімжеттік жасап кетуі қиын емес еді. Осындай күрделі шақта ел арасында алауыздыққа жол бермей, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын. [caption id="attachment_33734" align="alignnone" width="883"] Фото: sputniknews.kz[/caption] Сонымен 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясы қандай еді?! Мәліметтерге көз жүгіртсек, ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрды. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы Конституция 1993 жылдың 28 қаңтарында ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Бұл заң Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды қамтыды. Олар: * халықтық тәуелсіздік * ел егемендігі * билікті бөлісу қағидаты * қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану * сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар. [caption id="attachment_33737" align="alignnone" width="950"] Фото: voxpopuli.kz[/caption] Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Конституциясының қабылдануына арналған Жоғарғы кеңестің салтанатты рәсімінде Жоғарғы кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдин жаңа Заңның түпнұсқасын сол кездегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, ал Қазақ ССР-інің 1978 жылы қабылданған Конституциясының түпнұсқасын Орталық музей басшысына тапсырған болатын.

1993 жылы қабылданған Конституцияның кемшілігі

Дей тұрғанмен 1993 жылы қабылданған Конституцияның кемшіліктері жоқ емес еді. Ол қандай кемшіліктер болуы мүмкін!? «Бұл Констиутцияның басты кемшілігінің бірі мемлекеттік басқару нысанын анықтаған жоқ еді. Яғни, Қазақстан Республикасы президенттік немесе парламенттік  республика жөніндегі мемлекеттік нысанды негізгі мәтінде айқындамады. Ал президенттің рөлі мен маңызы тек биліктің атқарушы тармағы жүйесімен шектелді. Сол сияқтың адамның еркін өмір сүруіне де келтіретін кедергілері кездесіп жататын. 1993 жылғы Конститутция конститутциялық реформалардың бастауы ғана болды. Бұл тарихи кезеңде және Қазақстанның демократиялық мемлекеттігін қалыптастыруда жағымды рөл атқарды. Сондықтан оған өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде қарау керек», – деп жазады ШҚО Өскемен қаласының №2 соты. Шынайы демократиялық және тәуелсіз мемлекет құруға бағытталған іс-шаралар ел өміріне дендеп енген шақта Қазақстанның жаңа Конститутциясын қабылдау мүмкіндігі орнады. Қазіргі қолданыстағы Ата Заң 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданды. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген Конституцияны әзірлеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі елдердің 20 шақты заңын қарастырып, зерттеп шықты. Елбасы өзге елдердің тәжірибесін зерттей келе, нәтижесінде 1995 жылғы Конституция мемлекеттік билікті ұйымдастыру және бөлу саласындағы АҚШ-тың тәжірибесіне тоқталды. Ал тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы тоқталар болсақ, басты заңымыз Францияның Конституциясына жақын.

1995 жылы қабылданған Конституцияның ерекшелігі

Жаңа Конституцияны қабылдау үшін бүкілхалықтық референдум өткізілді. Еліміздің әр өңірінде бас-аяғы 10 253 сайлау учаскесі іске қосылды. Бұл Конституцияның 1993 жылғы нұсқасынан ерекшілігі – оның мазмұнының сапасында. [caption id="attachment_33745" align="alignnone" width="1000"] 1995 жыл, 30 тамыз[/caption] Жаңа Конституцияға алғаш рет адамның құқығына қатысты ғана емес, оның туған сәтінен бастап ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Бұл Заң бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып саналып, билік тармақтарынан жоғары тұрды. Бұл нұсқа президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келді. Ал Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

Қазіргі Конституцияға толықтырулар үш рет енгізілді

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясына толықтыруларды енгізу үшін тиісті заңдар 1998 жылғы 7 қазанда, 2007 жылғы 21 мамырда, 2011 жылғы 2 ақпанда қабылданды. Бірінші толықтыру. 1998 жылы 7 казанда №284 «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Осы арқылы мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілетті органның орны мен рөлі, маңызы нығайды. Нақтырақ айтар болсақ, еліміздің заң шығарушы органы қызметінің тиімділігі мен депутаттардың кәсібилігін арттыруға бағытталды. Яғни, Парламенттің Конституцияға өзгерістер енгізу өкілеттігі кеңейтілді, сот жүйесін демократияландыру үшін алқа билер соты енгізілді. 1998 жылғы өзгерістің нәтижесінде ауыл, село және поселкелік өкімдерді сайлау қарастырылды. Ал мемлекеттік қызметшінің алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауға тиіс деген тұстары алынып тасталды. Сол сияқты президенттік лауазымға сайлау мерзімі 7 жылға дейін артты. Екінші толықтыру. Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы – Мәжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары – облыстық және аудандық мәслихаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен байланысты болып, ол елдің президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқару түріне өтуін заң жүзінде белгіледі. Мұндай қадам демократияны дамыту мен азаматтық қоғам құру үшін елімізде жүзеге асырылған саясаттың қисынды нәтижесі болды. [caption id="attachment_33747" align="alignnone" width="1000"] ҚР Конституциясының соңғы нұсқасы[/caption] Үшінші толықтыру. Елімізде 2010 жылдың желтоқсанынан бастап президент өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы бастама көтеріліп, қол жинау үрдісі жүрді. Парламент өз кезегінде осы мәселеге орай тіпті референдум өткізуді ұсынды. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға өзгерту енгізу туралы Парламенттің ұсынысына қол қойған жоқ. 2011 жылдың басында Конституциялық Кеңес те Парламент ұсынысын «заңға сәйкес емес» деп тапты. Дегенмен 2011 жылы 2 ақпанда Парламент Конституцияға Президентке кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдау құқығын беретін өзгерту енгізді. Артынша Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қорыта келе айтар болсақ, тәуелсіздігін жаңадан алған Қазақстан үшін мемлекеттік басқару жүйесінде президенттік-парламенттік түрінен бір ғана президенттік үлгісіне өту әлдеқайда тиімді еді. Себебі бұл егемендігін жаңа алған жас мемлекеттің даму процесіне тікелей байланысты болатын. Мұндай елең-алаң шақта қос билік жүйесі ел дамуында кертартпалыққа әкелуі әбден мүмкін еді. Ел билігі толығымен президенттік жүйеге өткенде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолға алған шаруасы өрге жүре бастады. Осының арқасында ел астанасы Алматыдан Арқа даласына қоныс аударды. Бүгінге дейін шетелден инвесторлар тартылып, экономикамыз алға басты. Тоқырап, не істерін білмей отырған Қазақстан қазір держава мемлекеттермен терезесі тең, әлемдік сахнада өз орны бар елге айналды. Міне 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан Конституция Қазақстанның дамуына осындай үлкен мүмкіндік берді.

-->