Елорда жаңалықтары

Навальный Құран оқытпағаны үшін колонияны сотқа берді

«Колонияны Құран үшін сотқа беремін деп кім ойлаған? Иә-иә. Дәрігерді кіргізбегені үшін емес, мұндағы жағдайдың жасалмағаны үшін емес, мұсылмандардың қасиетті Құран кітабы үшін. Маған өз Құранымды бірмейді. Бұл менің мазамды қашырады. Осында отырған кезімде өзімді дамыту үшін мұнда келген бетте-ақ тізім жасадым. Оның бірі – Құранды және Пайғамбар сүннетін түсініп, тереңірек зерттеу еді», - деп жазды Навальный.

Сонымен қатар ол не үшін Құранды оқығысы келетіні туралы да толықтырып өтті. «Айналамыздың барлығы үнемі Ислам мен мұсылмандарды талқылайды. Әрине, олардың 99 пайызы бұл жайында ой түймесе де, талқылай береді. Ал мен ресейлік мұсылман емес саясаткерлер арасында Құранды оқудан чемпион боламын деп шешкенмін. Мен оны бұрын да оқығанмын. Бірақ барлығы сияқты ештеңе түсінбестен сыдыртып оқып шыққанмын. Маған бұл жеткіліксіз. Христианин ретінде даму үшін де Құранды оқу керек екенін  түсіндім», - деді ол. Сондай-ақ Навальный Құранды жаттап алғысы келгенін де, бірақ оның мүмкін емес екенін де тілге тиек етті. «Мен тіпті оны жаттап аламын деп шешкенмін. Алайда оның мүмкін емес екеніне көзім жетті. Қасиетті кітаптың түп нұсқасы тек араб тілінде жазылған. Ал мен оны мына жерде қалай үйренбекпін? Содан әртүрлі адамдардың пікірлері берілген Құранның 2-3 томын сатып алуға бекіндім. Бірақ менің «ұйымшыл концлагерімдегілер» кітапты жек көреді. Мұнда мен бір ай бұрын өзіммен көп кітап әкелгенмін. Содан соң көп кітапқа тапсырыс та бердім. Алайда маған әлі күнге дейін бірде-бір кітапты бермеді. Өйткені оның барлығын «экстремизм» бойынша тексерістен өткізу керек. Бұл үш ай уақыт алады. «Сіздер Құранды да экстремизм бойынша тексересіздер ме? Бұл ақымақтық әрі заңсыз ғой". Бір айдан бері осындай диалог құрып келемін. Міне, кезекті шағымымды жаздым әрі сотқа да бердім. Маған енді өзімнің Құранымды да оқуға болмай ма? Бұдан әрі қанша шыдауға болады? Кітап – біздің барымыз. Егер кітап оқу құқығымды қорғау үшін соттасу керек болса, соттасамын», - деді ресейлік оппозиционер.

--> «Колонияны Құран үшін сотқа беремін деп кім ойлаған? Иә-иә. Дәрігерді кіргізбегені үшін емес, мұндағы жағдайдың жасалмағаны үшін емес, мұсылмандардың қасиетті Құран кітабы үшін. Маған өз Құранымды бірмейді. Бұл менің мазамды қашырады. Осында отырған кезімде өзімді дамыту үшін мұнда келген бетте-ақ тізім жасадым. Оның бірі – Құранды және Пайғамбар сүннетін түсініп, тереңірек зерттеу еді», - деп жазды Навальный.