Елорда жаңалықтары

Әлиев Ереваннан Арменияның «Искандер-М»-ны қайдан алғанын жауап беруді талап етті

«Бұл зымырандар Арменияда қайдан пайда болды? Оларда мұндай болмауы керек еді. Біз бұл сұраққа жауап бергенін қалаймыз. Бұл жойқын қару армяндардың қолына қалай тиюі мүмкін? Әзірге біз нақты жауап алған жоқпыз, бірақ аламыз», - деді Әзербайжан президенті Бакудегі трофей саябағының ашылуы кезінде. 

Оның бұл сөзін осы елдің АЗТВ мемлекеттік телеарнасы таратты. Ал ria.ru ақпаратында Әлиевтің "Искандеров-М" зымыранымен Армения Шуша қаласын жойып жібермек болғанын айтқаны жазылған. «Бұл зымырандар армяндар басып алған Шуша қаласын Әзербайжан қарулы күштерінің азат еткенінен кейін біздің әскерге қарсы қолданылған. Біздегі айғақтар жеткілікті. Бірақ біз ресми мәлімдеме күтеміз», - деді ол.  Бұған дейін Баку 2020 жылдың күзінде Арменияның Қарабақта қолданған "Искандер-М" зымыранының сынықтарын анықтағанын хабарлаған болатын. Зымыран сынықтарын Әзербайжан территориясын минасыздандыру жөніндегі ANAMA ұлттық агенттігі көрсеткен. Агенттік екі зымыранның қалдықтарын Шуша қаласын минадан тазарту кезінде  15 наурыз күні тапқан. 2020 жылдың қарашасында Армения қорғаныс министрлігі әскери бақылау қызметінің бұрынғы бастығы Мовсес Акопян Таулы Қарабақта «Искандер» жедел-тактикалық зымыран кешені қолданылғанын мәлімдеген. Бірақ қай бағытта қолданылғанын айтпаған. Кейін Пашинян шиеленіс ушыққан кезде «жарылмаған» немесе «10 пайызға ғана жарылған» «Искандер» зымыранының болғанын мәлімдеген. Әзербайжан қоғамы Арменияның бұл әрекетін түсіндіру талабымен және олардың "Искандер-М" зымыранын қолдануға Ресей Федерациясының қатысы бар-жоғын нақтылау жөнінде ресми Мәскеуге жүгінді.

--> «Бұл зымырандар Арменияда қайдан пайда болды? Оларда мұндай болмауы керек еді. Біз бұл сұраққа жауап бергенін қалаймыз. Бұл жойқын қару армяндардың қолына қалай тиюі мүмкін? Әзірге біз нақты жауап алған жоқпыз, бірақ аламыз», - деді Әзербайжан президенті Бакудегі трофей саябағының ашылуы кезінде. 