Forbes журналында әлемдегі және Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың тізімі жарияланды
Олар: Владимир Ким, Болат Өтемұратов, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе, Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева және Тимур Турлов. Владимир Кимнің активтерін Forbes 4,6 млрд долларға бағалаған. Бір жыл ішінде оның активтері 900 млн долларға артқан. Биылғы рейтингте бизнесмен 128 адамға орын босатыпты, 494-орыннан 622-орынға түскен. Болат Өтемұратов 3,4 млрд доллар активімен 891-орынға тұрақтапты. Бір жылдық көрсеткіші 700 млн долларға артқан. Ал Тимур Құлыбаев 2,8 млрд доллар активімен 743-орыннан 1111-орынға жылжыған. Kaspi.kz қаржы техникалық компаниясының акционері Вячеслав Ким (3,3 млрд доллар), Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушыларының бірі Михаил Ломтадзе (3,2 млрд доллар) және Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов (2,1 млрд доллар) The Richest in 2021 рейтингінің су жаңа есімдері қатарына енді. Ал ғаламдық рейтингте Amazon компаниясының негізін қалаушысы Джефф Безос қайтадан бірінші орынға шыққан. Оның байлығы 64 млрд долларға көбейіп, 177 млрд долларға жеткен. Екінші орынға 151 млрд доллармен Илон Маск жайғасқан. Бизнесмен бір жыл ішінде 126,4 млрд долларға активтерін көбейтіп, рейтингтегі 29 адамды басып озған. Тізімдегі үздік үштікті орынды Бернар Арно түйіндеп тұр. Активтерін 74 млрд долларға көтерген оның жалпы байлығы 150 млрд долларға жеткен. Әрі қарай Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Уоррен Баффетт, Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Мукеш Амбани деп кете береді. Бұл – жыл сайын жаңарып тұратын 35-тізім. Бір жылда әлемдегі ең бай адамдардың саны 660-тан 2 755 адамға көбейген. Олардың жалпы байлығын рейтинг авторлары 13,08 трлн долларға бағалап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда биыл 5,08 трлн долларға артқан. Ал рейтингтегі жаңа есімдер саны – 493. 84 бизнесмен тізімнен алынып тасталған. Естеріңізге салсақ, бұған дейін әлемдегі миллиардерлер ең көп тұратын қалалар тізімін жариялаған болатынбыз.
-->Олар: Владимир Ким, Болат Өтемұратов, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе, Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева және Тимур Турлов. Владимир Кимнің активтерін Forbes 4,6 млрд долларға бағалаған. Бір жыл ішінде оның активтері 900 млн долларға артқан. Биылғы рейтингте бизнесмен 128 адамға орын босатыпты, 494-орыннан 622-орынға түскен. Болат Өтемұратов 3,4 млрд доллар активімен 891-орынға тұрақтапты. Бір жылдық көрсеткіші 700 млн долларға артқан. Ал Тимур Құлыбаев 2,8 млрд доллар активімен 743-орыннан 1111-орынға жылжыған. Kaspi.kz қаржы техникалық компаниясының акционері Вячеслав Ким (3,3 млрд доллар), Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушыларының бірі Михаил Ломтадзе (3,2 млрд доллар) және Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов (2,1 млрд доллар) The Richest in 2021 рейтингінің су жаңа есімдері қатарына енді. Ал ғаламдық рейтингте Amazon компаниясының негізін қалаушысы Джефф Безос қайтадан бірінші орынға шыққан. Оның байлығы 64 млрд долларға көбейіп, 177 млрд долларға жеткен. Екінші орынға 151 млрд доллармен Илон Маск жайғасқан. Бизнесмен бір жыл ішінде 126,4 млрд долларға активтерін көбейтіп, рейтингтегі 29 адамды басып озған. Тізімдегі үздік үштікті орынды Бернар Арно түйіндеп тұр. Активтерін 74 млрд долларға көтерген оның жалпы байлығы 150 млрд долларға жеткен. Әрі қарай Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Уоррен Баффетт, Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Мукеш Амбани деп кете береді. Бұл – жыл сайын жаңарып тұратын 35-тізім. Бір жылда әлемдегі ең бай адамдардың саны 660-тан 2 755 адамға көбейген. Олардың жалпы байлығын рейтинг авторлары 13,08 трлн долларға бағалап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда биыл 5,08 трлн долларға артқан. Ал рейтингтегі жаңа есімдер саны – 493. 84 бизнесмен тізімнен алынып тасталған. Естеріңізге салсақ, бұған дейін әлемдегі миллиардерлер ең көп тұратын қалалар тізімін жариялаған болатынбыз.