Елорда жаңалықтары

Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы 35 пайызға ұлғайды

Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығының мәліметінше, былтырға қарағанда биылғы сатылымда жеңіл көлік пен коммерциялық техника 7 539-ға, сонымен қатар жүк көлігі, арнайы техника және автобус 823-ке асып түсіп, осы жылдың алғашқы тоқсанындағы сатылым 24 161 бірлікті құраған. Сарапшылардың сөзінше, тұтынушылардың көлік сатып алуға деген қызығушылығы әлі де жоғары деңгейде. Биылғы бірінші тоқсанда көлік нарығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға ұлғайған. Сәуір айының соңында бұл көрсеткіш 75-80 пайызға дейін баруы мүмкін. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың наурыз айының соңында карантинге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты еліміз бойынша көлік саудасы мен тіркелуі тоқтатылған болатын. Соның салдарынан 2020 жылдың сәуірінде қазақстандық автобизнес саласы тарихындағы ең төмен көрсеткіш орын алған. Алайда былтырғы мамырда жағдай қалыпқа келе бастаған. Наурыздағы бренд көліктердің сатылымы бойынша Chevrolet 2 161 бірлік техника сатылымымен үздік бестіктің көшін бастап тұр. Hyundai дилерлері 1 907 автомобильдің сатылымын жүзеге асырып, екінші орында тұрса, Toyota 1 169 көлік сатылымымен үшінші орынды, Kia (340) төртінші орынды еншіледі. ТОП-5-ті 339 бірлікпен Volkswagen түйіндеді. Ал Lada сатылымы әлсіреген. Алайда «АвтоВАЗ» Қазақстанда Lada автокөліктерін өндіру бойынша келіссөз жүргізуде. Айта кетсек, биылғы қаңтарда Қазақстанда көліктің барлық түрінен 5 981 бірлігі өндірілген. Шығарылған өнімнің құны өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20,2 пайызға артық, яғни 43 081 млн теңгеге бағаланып отыр.

-->