Конституция күніне орай "Алматы" ауданында мемлекеттік қызметке қабылданғандар ант қабылдады
Конституция күні қарсаңында "Алматы" ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметке қабылданғандардың ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 25 жыл бұрын Қазақстан тарихында елеулі оқиға – елдегі саяси өзгерістердің негізіне айналған Конституция қабылданды. Конституция заңнамалық база мен заңнамалық кеңістік құруды қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамды демократияландыруға жаңа серпін берген сапалы жаңа құқықтық кеңістік қалыптастырды. "Қазақстан халқының саяси ерік-жігерінің көрінісі бола отырып, Конституция қазақстандық мемлекеттіліктің, азаматтық қоғамның, қоғамдық құрылымның тұрақтылығының іргетасын қалады", - деді аудан әкімі Бектенбай Есполов. Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі Мемлекеттік саясаттың жолсерігі болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің ерекше рөлін атап өтті. "Азаматтардың өмір сүру деңгейі және жалпыұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру біздің жұмысымыздың сапасына байланысты", – деп атап өтті аудан әкімі Мемлекеттік қызметке кіргендерге ел игілігі үшін барлық игі бастамаларында табыс тіледі.
-->Конституция күні қарсаңында "Алматы" ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметке қабылданғандардың ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 25 жыл бұрын Қазақстан тарихында елеулі оқиға – елдегі саяси өзгерістердің негізіне айналған Конституция қабылданды. Конституция заңнамалық база мен заңнамалық кеңістік құруды қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамды демократияландыруға жаңа серпін берген сапалы жаңа құқықтық кеңістік қалыптастырды. "Қазақстан халқының саяси ерік-жігерінің көрінісі бола отырып, Конституция қазақстандық мемлекеттіліктің, азаматтық қоғамның, қоғамдық құрылымның тұрақтылығының іргетасын қалады", - деді аудан әкімі Бектенбай Есполов. Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі Мемлекеттік саясаттың жолсерігі болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің ерекше рөлін атап өтті. "Азаматтардың өмір сүру деңгейі және жалпыұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру біздің жұмысымыздың сапасына байланысты", – деп атап өтті аудан әкімі Мемлекеттік қызметке кіргендерге ел игілігі үшін барлық игі бастамаларында табыс тіледі.