Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышты Шарлаймын, Жұлдызды Таңдаймын» акциясы басталды
Әлеуметтік желілердегі парақшаларында қазақстандықтар қазақстандық ғарышкерлер туралы қызықты фактілерді және ұлттық ғарыш бағдарламаларын #ҒарыштыШарлаймынЖұлдыздыТаңдаймын хэштегімен орналастырады. «Шынымды айтсам, мен қазақстандық ғарышкерлер туралы, біздің қазіргі кейіпкерлеріміздің өмірі туралы көп білмеген едім. Осы тақырыпты зерттеп, көбірек дерек білгеннен кейін мен олардың батылдығына таң қалдым және олар туралы мүмкіндігінше көп жастардың білгенін қалаймын. Сондықтан мен бұл акцияға қуана-қуана қосылып, Инстаграмдағы аккаунтыма Тоқтар Әубәкіров туралы видео салдым», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сырымбет Жанұзахұлы. Акцияны қолдау мақсатында әлеуметтік желілердегі «Қайырымды істер марафонының» ресми парақшаларында қазақстандық ғарышкерлер, ғалымдар мен ғарыш саласының қайраткерлері туралы ақпараттық фактілер мен әңгімелер жинақталған басылымдар сериясы жарияланады. Акцияға бастауыш сынып оқушылары да қатысады: олар #ғарышкерлеркүні хэштегімен Ғарышкерлер күніне арналған сурет байқауын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында басталған болатын. Жобаның маңызды міндеттерінің бірі - қамқор азаматтар мен ұйымдарды біріктіру және болашақта қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққв өзгертетін жомарттық пен мейірімділік идеясына негізделген қоғамдастық құру. Марафонды әлеуметтік желілерде: Instagram-да @qaiyrymdy_ister_marafony, Facebook-те @Qaiyrymdy.ister.marafony және #ҒарыштыШарлаймынЖұлдыздыТаңдаймын, #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ хештегтерімен белгілеу керек.
-->Әлеуметтік желілердегі парақшаларында қазақстандықтар қазақстандық ғарышкерлер туралы қызықты фактілерді және ұлттық ғарыш бағдарламаларын #ҒарыштыШарлаймынЖұлдыздыТаңдаймын хэштегімен орналастырады. «Шынымды айтсам, мен қазақстандық ғарышкерлер туралы, біздің қазіргі кейіпкерлеріміздің өмірі туралы көп білмеген едім. Осы тақырыпты зерттеп, көбірек дерек білгеннен кейін мен олардың батылдығына таң қалдым және олар туралы мүмкіндігінше көп жастардың білгенін қалаймын. Сондықтан мен бұл акцияға қуана-қуана қосылып, Инстаграмдағы аккаунтыма Тоқтар Әубәкіров туралы видео салдым», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сырымбет Жанұзахұлы. Акцияны қолдау мақсатында әлеуметтік желілердегі «Қайырымды істер марафонының» ресми парақшаларында қазақстандық ғарышкерлер, ғалымдар мен ғарыш саласының қайраткерлері туралы ақпараттық фактілер мен әңгімелер жинақталған басылымдар сериясы жарияланады. Акцияға бастауыш сынып оқушылары да қатысады: олар #ғарышкерлеркүні хэштегімен Ғарышкерлер күніне арналған сурет байқауын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында басталған болатын. Жобаның маңызды міндеттерінің бірі - қамқор азаматтар мен ұйымдарды біріктіру және болашақта қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққв өзгертетін жомарттық пен мейірімділік идеясына негізделген қоғамдастық құру. Марафонды әлеуметтік желілерде: Instagram-да @qaiyrymdy_ister_marafony, Facebook-те @Qaiyrymdy.ister.marafony және #ҒарыштыШарлаймынЖұлдыздыТаңдаймын, #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ хештегтерімен белгілеу керек.