“Бақытты отбасы” бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер банктің www.hcsbk.kz – сайтында, онлайн түрде 12 сәуір мен 26 мамыр аралығында қабылданады. Бақытты отбасы бағдарламасына қатысушылар санаттары мен кезекке қойылған жылына қарамастан қатысуға өтінім бере алады. 45 күн ішінде барлық өтінімдер қабылданады. Әрі қарай, Жүйе автоматты түрде қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін құрайды. Әкімдіктің кезекке қою күні, кезекке тіркелген санаты және өтінім беру уақыты қатысушының негізгі тізімге ілігуінің айқындаушы фактор болады. Өтінім беру үшін: ЖСН қажет; Аутентификация кодын алу үшін ұялы телефон. Әкімдікте келесі санаттар бойынша пәтер кезегінде тұру керек: – көпбалалы отбасы; – мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы; – толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек). Бағдарламаға шарттары: – Несие мөлшерлемесі жылдық 2%; – Бастапқы жарна – 10%. Талаптарға сай, жеңілдетілген заем алу үшін әр отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері соңғы алты айда ай сайын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни, 106 336 теңгеден аспауы қажет. Яғни, бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады. Конкурс қорытындыларын өтінім нөмірі бойынша 27 – мамырдан кейін Отбасы банктің сайтынан көруге болады.
-->Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер банктің www.hcsbk.kz – сайтында, онлайн түрде 12 сәуір мен 26 мамыр аралығында қабылданады. Бақытты отбасы бағдарламасына қатысушылар санаттары мен кезекке қойылған жылына қарамастан қатысуға өтінім бере алады. 45 күн ішінде барлық өтінімдер қабылданады. Әрі қарай, Жүйе автоматты түрде қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін құрайды. Әкімдіктің кезекке қою күні, кезекке тіркелген санаты және өтінім беру уақыты қатысушының негізгі тізімге ілігуінің айқындаушы фактор болады. Өтінім беру үшін: ЖСН қажет; Аутентификация кодын алу үшін ұялы телефон. Әкімдікте келесі санаттар бойынша пәтер кезегінде тұру керек: – көпбалалы отбасы; – мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы; – толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек). Бағдарламаға шарттары: – Несие мөлшерлемесі жылдық 2%; – Бастапқы жарна – 10%. Талаптарға сай, жеңілдетілген заем алу үшін әр отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері соңғы алты айда ай сайын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни, 106 336 теңгеден аспауы қажет. Яғни, бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады. Конкурс қорытындыларын өтінім нөмірі бойынша 27 – мамырдан кейін Отбасы банктің сайтынан көруге болады.