Елорда жаңалықтары

Кенесары ханның бас сүйегін Ресей Қазақстанға бекерге қайтара салмайды – сарапшылар

Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртазаның пікірінше, Ресей Кенесары ханның бас сүйегін Қазақстанға бекерден-бекер қайтармайды, оның астарында басқа мәселе болуы мүмкін. «Кенесарының бас сүйегі табылды деп кейбіреулер сүйінші сұрап жатыр. Ләйім солай болғай. Алайда 30 жыл бермей келіп, енді бере қалғанында бір гәп болуы мүмкін деген күдік бар. Өз басым Ресейдің осы қадамын Қазақстан билігі мен қоғамын "ханымыздың басын қайтарған тарихи дос" ретінде Украинамен арадағы қақтығыста Қазақстанды өз жағына қаратуы деп ойлаймын. Қазір Ресейге әр одақтас маңызды. Одақтас БҰҰ-да дауыс береді дегендей. Әрине, экспертиза керек. Әрине, Хан Кененің ұрпақтарының ДНК-сымен салыстыру керек. Әрине, (егер Кенесары екені дәлелденсе) бүкіл ел болып, Түркістанда арулап жерлеуміз керек. Өз ойым», - деп жазды Самат Нұртаза Facebook парақшасында. Елдес Орда есімді тағы бір әлеуметтік желі қолданушысы қазақтың соңғы ханының бас сүйегін елге қайтарудағы «қуанышты жаңалыққа» тек бөрікті аспанға атпай, оның екінші жағына да мұқият мән беру керектігін айтты. «Ресей Қорғаныс министрлігі Орталық әскери окургінің баспасөз қызметі 2 сәуір күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан әрі жалғаса беретінін мәлімдеді. Орталық әскери окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді. Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық әскери окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлдеқашан шіріп кеткен Кенесары Хан үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы "қуаныштың" буымен мәз-мейрам болып, бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып жібермеуіне кім кепіл? Стратегиялық нысандар іске асқан соң мың Кенесарының бас сүйегі келсе де, пайдасы болмайды. Біз Кенесары Ханның бас сүйегіне құрдан-құр қуанып отыра бермеуіміз керек. Бізге Кенесарылық соғыс тактикасын жаңғырту анағұрлым маңызды. Осы кезекте біздің ұлтқа тән шектен тыс бейғамдық пен салғырт масайрау өзге жұрттың пайдасына шешіліп жүрмесе игі еді. Хан Кененің оралуына қуанайық, бірақ өзіміздің одан кейінгі саяси стратегиямызды да естен шығармайық! Әсіресе әскери тактикамыз бен қорғаныс сақтығымызды басты назарда ұстап, сергек отырайық», - деп жазды Елдес Орда. Сондай-ақ Түркиядағы Докуз Ейлюл университетінің докторанты, «Шығыс тәттілерінің Қарағанды фабрикасы» кондитерлік компаниясының директоры Бейбіт Құлмағамбет те әлеуметтік желі де өзінің пікірін білдіріп, баһадүріміз , хас батыр Кенесары хан Қасымұлының бас сүйегінің Ресейден қайтып әкелінуі, ардақтап туған жер қойнына берілуі қазақ еліне неге сондай орасан маңызы бар екеніне тоқталды. «Тапталған намыс, жаншылған тарих па екен, жылдар бойы іздеу салудың себебі? Басымен бірге соңғы ханымыз қайта тіріліп келе ме? Құдайдың марқұм болған көп құлы ішіндегі біреуінің бас сүйегінің қайтып келуінен нені күтудеміз?! Жетпісінші жылдары Түркия терең экономиқалық тоқырауға ұшырап, дұшпан саналатын «соцлагердің» мүшесі Болгария мемлекетінен жанармай сұрайды. Сол кездегі Түркияның Премьер-министірі Бюлент Ежевит түріктердің социал-демократиялық партиясының басшысы еді. Социалистік Болгарияның саяси көзқарастарын жақын көретін Бюлент Ежевит қолқа салып, болгарлардан бензинді қарызға беруін өтінген. Сонда болгар басшыларынан алған жауабы: "Өткен замандарда Осман әскерімен болған соңғы соғыста сол кездегі патшамыз жеңіліп, қолдарыңызға Тәуелсіздік белгіміз - Болгар патшасының қылышы түскен еді. Қазір музейлеріңізде тұр. Бізге соны қайтарсаңыздар болды, ақша керек емес", - деген екен. Сонда Бюлент Ежевит: "Коммунистер болса да, ұлттық мүдделерін ұмытпайды екен, ал біз түріктер болсақ жергілікті сигареттердің орнына, барлығымыз Marlboro шеккіміз келеді деп", - ұлтшыл көзқарастарына таң қалыпты. Сөйтіп, мыңдаған тонна жанармайды бір темір қылышқа ауыстырып алған екен. Түріктерге бір темір қылыш, ал болгарлар үшін құны пішілмейтін Тәуелсіздік символы. Біз үшін Кенесары ханның басы – болгарлардың қылышынан кем емес рухани мұра, ал Кенесары ханның өзі – барлық кезеңдегі Президенттеріміздің пір тұтуына лайықты тұлға, ұлттық мүдде үшін күрестің өшпес үлгісі! Қазақ елінің толық тәуелсіз болуы – Кенесары хан бас сүйегінің туған жеріне қайтып, жер Ана құшағына берілуімен тікелей байланысты. Бұл пікірге қазақ жұртшылығы толық қосылады деген ойдамын», - деп жазды Бейбіт Құлмағамбет. 

-->