Тимур Спатаев 400 келілік түйені көтеріп, әлемдік рекорд орнатты
әлеуметтік желісінде тараған видеода қара күш иесінің түйені көтеріп, 30 шақты қадам жасағанын көруге болады. «Бұл әлемдік рекордымды жаурыны жерге тимеген, жауынан басын имеген даңқты палуанымыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арнаймын. Қажымұқан атамыз Ордабасы ауданына ат басын тіреп, сол жерде талай жыл күн кешкен ғой. Мен де сол кісінің ізімен жүріп, басына барып, Құран бағыштап, аруағына тағзым еттім. Тілеулестік білдіріп жатқан барша қазақ еліне алғысым шексіз», - деді Тимур Спатаев Елорда Инфо тілшісіне. Айта кетсек, Қол күрестен Азия чемпионы Тимур Спатаев бұған дейін КамАЗ жүк көлігі мен автобусты тіспен сүйреген. Одан бөлек, жалаң қолымен жуан шегелерден тұмар жасап, көпшілікті басқа да трюктерімен таңқалдырып жүрген спортшы осыған дейін Қазақстанның 5 дүркін рекордшысы атанған болатын. "Темір адамның" Елорда Инфо тілшісіне берген сұхбатын осы жерден оқи аласыздар. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ақмола облысы Целиноград ауданында Қажымұқанның 150 жылдығына арналған шарада Сергей Цырульниковтың әрқайсысы 500 келіден аса салмаққа шыдас беретін қос тағаны иіп, Қазақстан рекордын орнатқанын хабарлаған болатынбыз.
--> Instagramәлеуметтік желісінде тараған видеода қара күш иесінің түйені көтеріп, 30 шақты қадам жасағанын көруге болады. «Бұл әлемдік рекордымды жаурыны жерге тимеген, жауынан басын имеген даңқты палуанымыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арнаймын. Қажымұқан атамыз Ордабасы ауданына ат басын тіреп, сол жерде талай жыл күн кешкен ғой. Мен де сол кісінің ізімен жүріп, басына барып, Құран бағыштап, аруағына тағзым еттім. Тілеулестік білдіріп жатқан барша қазақ еліне алғысым шексіз», - деді Тимур Спатаев Елорда Инфо тілшісіне. Айта кетсек, Қол күрестен Азия чемпионы Тимур Спатаев бұған дейін КамАЗ жүк көлігі мен автобусты тіспен сүйреген. Одан бөлек, жалаң қолымен жуан шегелерден тұмар жасап, көпшілікті басқа да трюктерімен таңқалдырып жүрген спортшы осыған дейін Қазақстанның 5 дүркін рекордшысы атанған болатын. "Темір адамның" Елорда Инфо тілшісіне берген сұхбатын осы жерден оқи аласыздар. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ақмола облысы Целиноград ауданында Қажымұқанның 150 жылдығына арналған шарада Сергей Цырульниковтың әрқайсысы 500 келіден аса салмаққа шыдас беретін қос тағаны иіп, Қазақстан рекордын орнатқанын хабарлаған болатынбыз.