Елорда әкімі жаңадан салынып жатқан шағын ауданға жол салуды тапсырды
«Қаланы аралау мен жұмыс бабы бойынша өтетін жиналыстардан бос уақытта әлеуметтік желілердегі аккаунттарымды күнделікті тексеруге тырысамын. Сіздердің пікірлеріңізді, өтініштеріңізді оқимын, қандай сұрақтар мен мәселелер көтеріліп жатқандығын көремін. Олар бойынша бірқатар тапсырма беремін: тікелей сол жерге бару, тұрғындармен сөйлесу, түсіндіру және т.б.
Мысалы, өтініштердің бір бөлігі үлескерлерден келіп түседі. Ұзақ жылдар бойы заңды пәтерлерінің кілттерін күту оңай емес екенін түсінеміз. Бірқатар құрылыс жұмысы аяқталып, үлескерлер пәтерлеріне көшті. Әрбір құрылысы ұзаққа созылған нысан бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенінің бір бөлігінде ешқандай құжаттама болған жоқ. Ал құжаттарсыз, үйдің қауіпсіздігін тексерусіз құрылыс жұмыстарына кірісуге болмайды», — дейді қала әкімі.
Ол өз сөзінде жаңадан салынып жатқан шағын ауданда тұратын қала тұрғындары жүгінгенін қозғап өтті. Оның айтуынша тұрғындарға ыңғайлы жол салынбаған, батпақ (Төле би көшесі). Адам түгілі, машинаның өтуі қиын. Ауданда 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені орналасқан ("Смарт сити", "Театральный", "Баспана", "7 палат", "Zam zam", "Алтын шар 2" ТК).
«Аталған жолдың құрылысын осы жылға арналған кестеге енгізуді тапсырдым. Жол құрылысының аяқталу мерзімі биылғы жылдың күзі екенін ескере отырып, тұрғын үй кешеніне уақытша өтпе жол төселеді. Құрылыс ұйымдарына уақытша жолға өту жолдарын қамтамасыз ету тапсырылды.
Уақытша өтпе жол салу жұмыстары аяқталғанға дейін "Нова сити Тұран" ТК, "Гранд Тұран Комфорт" ТК, "Гранд Тұран" ТК құрылыс жұмыстары тоқтатылады, нысандарға кіретін топтар жабылады», — деп жазды елорда әкімі.
-->«Қаланы аралау мен жұмыс бабы бойынша өтетін жиналыстардан бос уақытта әлеуметтік желілердегі аккаунттарымды күнделікті тексеруге тырысамын. Сіздердің пікірлеріңізді, өтініштеріңізді оқимын, қандай сұрақтар мен мәселелер көтеріліп жатқандығын көремін. Олар бойынша бірқатар тапсырма беремін: тікелей сол жерге бару, тұрғындармен сөйлесу, түсіндіру және т.б.