Елорда жаңалықтары

Ресейдің Украина шекарасына әскер жіберуіне Еуроодақ пен НАТО-ның көзқарасы қандай

Бірнеше айдан бері енді тыныштала бастаған Донбасс пен Қырым айналасындағы Ресей-Украина қақтығысы батыс елдерінің назарына қайтадан ілікті. Биылғы наурыз айының соңында Украинаның Донецк облысында төрт украин сарбазы көз жұмды. 6 сәуірде тағы екі сарбаздың қаза болғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, 30 наурыз күні Украинаның Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Руслан Хомчак Украина шекарасында Ресей әскерінің күшейе түскенін мәлімдеген болатын. Дәл осы күні The New York Times басылымы Вашингтондағы ресми дереккөзге сүйеніп, ресейлік әскерилер оқу-жаттығудан кейін де Украинаның шекарасынан ұзап кетпегенін жазды.

Байден мен Столтенберг Зеленскиймен не туралы сөйлесті

6 сәуір күні таңғысын НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина президенті Владимир Зеленскийге телефон шалып, шекара аймағындағы жағдайға өзінің алаңдаушылығын білдірген. Сонымен қатар Столтенберг Зеленскийге Украинаның егемендігі мен территориясының тұрақтылығын қорғауға қолдау көрсететінін айтқан. НАТО-ға мүше 30 елдің елшісі 1 сәуір күні Қара теңіз аумағындағы жағдайды талқылаған. Бұл туралы алянс шенеунігі DW тілшісіне берген сұхбатында мәлім еткен. Оның сөзінше, олар Ресейдің Украина аумағындағы әскери белсенділіктеріне алаңдаулы. Сонымен қатар олар Ресей тарапы 2020 жылдың шілдесіндегі келісімді бұзғанына да алаңдаушылық білдіріп отырған көрінеді. Бұл мәселені олар қатаң бақылауда ұстайтындарын жеткізді. Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің күшеюіне әсер еткен себептің бірі АҚШ президенті Джо Байденнің Владимир Зеленскиймен телефонмен сөйлесуі болса керек. Ақ үй 2 сәуір күнгі телефонмен екеуара әңгіме кезінде Байденнің Донбасс пен Қырым төңірегіндегі Ресеймен қақтығыста Украинадағы тұрақтылыққа барынша қолдау көрсететінін айтқанын мәлімдеді.

ЕО Ресей Федерациясының әскер жайғастыруына алаңдаулы

Еуроодақтың сыртқы саясаты жөніндегі ресми өкілі Набила Массрали да Украинаның шығысындағы жағдайдың күрделеніп бара жатқанына алаңдаулы екенін айтты. Ал 4 сәуір күні Еуроодақтың сыртқы саясаты жөніндегі жоғарғы ресми өкілі Жозеп Боррель Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен сөйлескеннен кейін ЕО Кеңесі бұл мәселені 19 сәуір күні талқылайтынын айтты. Ресми Брюссель «норманд төрттігіне» және бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі үш жақты байланыс тобына қолдауды күшейтетінін мәлімдеді. «ЕО Ресей билігін алдағы уақытта шиеленісті ушықтыру жөніндегі кез келген қадамнан бас тартуға шақырады», - деді Массрали. Еуропарламент өкілдері де үнсіз қалмады. Пасхаль мерекесіне қарамастан, 2 сәуір күні 20 еуродепутат та Ресейдің Украинаның шығыс өңіріне әскер жіберуіне алаңдаушылықтарын білдірді. Мұндай бастама көтергендердің бірі, Литвадан сайланған еуродепутат Пятрас Ауштрявичюс Twitter-де өзінің әріптестерімен бірге осы жағдайға байланысты Еуроодақтан нақты әрекет күтетіндерін жазды.

Бундестаг депутаты бұл жағдайға не дейді

Германиялық бундестаг депутаты, сыртқы істер жөніндегі комитеттің мүшесі, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері бойынша Еркін демократиялық партиясы фракциясының сарапшысы Рената Альт тілшілерге берген сұхбатында бұл жағдайға баға бермейтінін айтты. «Биыл Ресейде Мемлекеттік думаның сайлауы өтеді. Сондықтан бұл бар болғаны Владимир Путиннің ойыны. Ол Ресейдің экономикалық жағдайы нашар екенін жақсы біледі. Сондықтан ол елдегі ішкі мәселелерден тұрғындардың назарын басқа жаққа аудару үшін өз билігін пайдаланып отыр», - деді Альт. АҚШ-тағы германиялық Маршалла қорының брюссельдік сарапшысы Бруно Лете де Ресейдің бұл әрекеті оның ішкі мәселелеріне қатысты деп санайды. Оның пікірінше, Путин ресейліктердің назарын оппозиционер Алексей Навальныйдан басқа жаққа аударуға тырысады және ол отандастары мен айналасына өзінің әлі де осал емес екенін, АҚШ пен Еуропаға белгі бере алатынын көрсеткісі келеді.

Батыс елдері Украинаға әскерін жібере ме

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Федерациясының әлемнің ешбір еліне соққы жасауға ниетті емес екеніне сендіргісі келеді. Дегенмен Мәскеу шиеленісті күшейткен жағдайда Батыс оған тойтарыс бере ме? Бұл туралы Украина бойынша Еуропарламент қауымдастығының делегациясы өкілінің орынбасары Траян Бэсеску пікірін білдірді. Оның сөзінше, Еуропа елдері бұл жағдайда үлкен тәуекелге бара алмайды. «Ешкім де олай істей алмайды», - деді ол. 2008 жылы Ресей мен Грузия арасында әскери  қақтығыс болған кезде Бэсеску Румыния президенті болған. Сол кездегі Грузия президенті Михаил Сааквашвили АҚШ тарапынан әскери көмек күткенін айтады Бэсеску. «Қазіргі жағдайда украиндықтар бір жақтан әскери күштер келіп, оларға көмектеседі деп ойласа, қателеседі», - дейді Еуропарламент депутаты. Сондай-ақ Лете де тура осындай пікірде екенін айтты. «Шынын айту керек, мен Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдері Украинаға сарбаздар жібереді деп күтпеймін», - де ді ол.  Есесіне ол бұл жерде басқа екі мүмкіндікті көріп отырғанын айтады. Оның ойынша, Украинаға қару-жарақ немесе әскери кеңесші жіберілуі мүмкін. «Президент Байденнің шынымен де Ресейдің Украинаға қоқаң-лоқы көрсетуін қатаң бақылауда ұстауға әрекет жасағысы келетіні жайлы ойы түсінікті болды. Сондықтан Американың Украинаға қару-жарақ жіберуіне саяси негіз бар», - деді сарапшы. 

-->