Елорда жаңалықтары

Миллиардерлері ең көп әлемдегі көшбасшы қала анықталды

Forbes тізіміндегі миллиардерлердің 2020 жылдағы қорытындысына сәйкес, Бейжіңде 100 миллиардер тұрады. Яғни онда Нью-Йоркке қарағанда бір миллиардерге артық. Бір жыл ішінде Қытай астанасында 33 миллиардер пайда болыпты. Ал Нью-Йоркте тек 7. Бейжің қаласы тұрғындарының саны 21 миллион болса, Нью-Йорк тұрғындары одан 2,5 есеге аз, яғни 8,4 миллион. Бейжіңнің ең бай тұрғыны – ByteDance аналар компаниясының негізін қалаушы және TikTok әлеуметтік желісінің басқарушысы Чжань Иминь. Оның байлығы 35,6 миллиард долларды құрайды. Ал Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумберг өз қаласының ең бай адамы саналады. Оның қаржысы 59 миллиард долларға тең. Бейжіңнен бөлек, миллиардерлер көп тұратын әлемдегі ондаған қаланың тізіміне Қытайдың тағы төрт қаласы енді. Олар – 80 миллиардерімен Гонконг үшінші орынды иеленсе, 68 миллиардерімен Шэньчжэнь қаласы бесінші орынды, 64 миллиардерімен Шанхай алтыншы орынды еншіледі. Ал бұл тізімге АҚШ-тың Нью-Йорктен басқа тек бір қаласы ғана қосылды. Ол – 48 миллиардерімен сегізінші орыннан көрінген Сан-Франциско. Ресми дереккөздерге сүйенсек, әлемдегі ең көп миллиардерлер АҚШ-та тұрады. Мемлекеттер арасында 724 миллиардерімен Америка әлі де көш басында. Ал 698 миллиардерімен Қытай екінші орынды иеленсе, Үндістан үшінші (140 миллиардер) орында, Германия (136 миллиардер) төртінші орында, Ресей (117 миллиардер) бесінші орында тұр. Айта кетсек, жыл сайынғы әлемдегі бай адамдар рейтингіне қазақстандық 7 миллиардер енген.

-->