Елорда жаңалықтары

Әуе жүк тасымалының көлемі әлем бойынша 9 пайызға артты

«Әуе жүк тасымалының айлық көрсеткіші 1,5 пайызға өсіп, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы басталғанға дейінгі 2018 жылдағы деңгейге қайтып оралды», - делінген халықаралық қауымдастық таратқан ақпаратта. 

Бұл ретте биылғы ақпандағы көрсеткішті 2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда әуе жүк тасымалының деңгейі 10,8 пайызға өскен. Алайда IATA атап өткендей, коронавирустық пандемия салдарынан біраз уақыт әуе қатынастар тоқтатылғандықтан, биылғы көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырылады. «Әуетасымалына деген сұраныс COVID-19 дағдарысынан кейін тек қалыпқа келтіріліп жатқан жоқ, артып жатыр. Дағдарысқа дейінгі жағдайға қарағанда сұраныс артқанмен, мұндағы ендігі мәселелердің бірі басқа салалар жұмысының кенжелеп қалуы әуе жүк тасымалының одан әрі қарқын алуының жолын бөгеуі мүмкін. Дегенмен әуе жүк тасымалын тиімді жоспарлаудың барлық саланың біртіндеп қалыпқа келуіне әсер ету мүмкіндігі бар», - деді ІАТА-ның бас директоры Вилли Уолш.  Қауымдастық дерегінше, 2019 жылдың ақпан айымен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш Африкада – 42,3 %, Солтүстік Америкада – 17,1%, Таяу Шығыста – 8,7%, Еуропада –  4,7% болса, Латын Америкасында, керісінше, 18,4% төмендеген.

--> «Әуе жүк тасымалының айлық көрсеткіші 1,5 пайызға өсіп, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы басталғанға дейінгі 2018 жылдағы деңгейге қайтып оралды», - делінген халықаралық қауымдастық таратқан ақпаратта. 